Еуропадағы ең ұзын Васко да Гама көпірінің ұзындығы - 17,2 шақырым. Ол бүгінгі күнде Еуропадағы ұзыннан-ұзақ созылған ең ұзын көпір болып есептеледі. Көпір Лиссабон қаласында Тежу өзенінің бойында орналасқан. Оның су бетіндегі ұзындығы – 10 шақырым, ал жуандығы –31 метр, биіктігі –47 метр.
Васко да Гама көпірінің құрылысы 1995 жылы ақпан айында басталды. Бұл сол кезде Лиссабон қаласындағы жалғыз көпірдің көлік кептелісінен құтылу мақсатында салынған. Сонымен қатар екі жақты автомагистральді біріктіру негізінде жүзеге асты. Мұндай көпірдің бой көтеруіне 3300 жұмысшы қатысқан. Оған 1,1 миллиард АҚШ доллары жұмсалған.
Көпір атақты португалдық зерттеуші Васко да Гама есімімен аталған. Себебі көпір ашылған күні саяхатшы Еуропа мен Үндістан теңіз жолына ашқандығына 500 жыл толған еді. Васко да Гама көпірі 250 шақырымдық желге төтеп бере алатындай етіп жасалған. Және де 4,5 балдық жер сілкінісіне оңай шыдап бере алады.
Оқи отырыңыз:
Инстаграм желісіндегі ерекше суреттер
Қытайда ергежейлілерге арналған ауыл бар
Бұл қызық: Мортал Комбат жауынгері лифтте (видео)
"National Geographic" конкурсындағы ең үздік суреттер
Сурет: www.cult-turist