«Ешкімнің қолынан келмейтін дүние жасау арманым еді...»

Бұл сөзді 49 жастағы Скотт Вивер айтады. Ол 34 жыл бойы 10 келіден асатын «Алтын қамал» деп аталатын кішкене қамал үлгісін тіс шұқығыштан жасаған. Биіктігі 3 метрден асатын қамалды ол 100 000 тіс шұқығыштың және 243 сықпа желімнің көмегімен құрастырған екен.

1977 жылы Скотт Сан-Францискодағы әйгілі «Алтын қақпаның» мүсінін тіс шұқығыш арқылы жасауға кіріскен. Осыдан кейін 17 жыл өткен соң ол өз арманына қол жеткізеді. Бірақ оның хоббиі біз ойлағандай емес екен. Ол өзінің жасағанына көңілі толмай, қайта шашып тастап, қайта құрастырады.  

Бір қызығы, оның керемет қолөнері биіктей бастаған кезде әйелінің жеке бөлмесін тартып алған екен. Сол бөлмеде жаңа шеберхана соғылған да. Ал әйелі өзімен бір бөлмеде ұйықтайтын болған. Махаббат деп осыны айтыңыз...

Ал бір таңғаларлығы, ол өзінің жеке «Алтын қамалын» 40 000 долларға сатқысы келеді екен. Бірақ біз 36 жыл өмірін арнаған ғажайып затын мұндай арзан сомаға сатуын түсіне алмай далмыз.

Сөйткенбіз ғой, сөйтсек, Скоттың жауабы тіпті де ұтымды болды. Ол айтады: «Мені ақымақ екен дерсіздер, бірақ сіздер өздеріңіз өткен өмірлеріңізге айналып қараңыздаршы, не істедіңіздер..

writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/RO0a17J1fq4?version=3&hl=ru_RU","width":"400","height":"295"});

P.S. Өнерге деген жанашырлығы мен адалдығы көрінген Скоттың еңбегіне тәнті болдық, айтқан сөзіне абдырадық. «Қанша кәллә болса, сонша шындық болады» дей ме, ендеше Скотқа еңбегінің жемісті болуын тілейміз...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: interesnoe.h1.x66.ru