Айғай - адамның өз іс-әрекеті мен қылығына иелік ете алмай қатты тіл қатуы, дауыс көтеріп сөйлеуі. Алайда бұл жай ғана ереже. Айғайдың әркімнің ұғымында әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, финлияндиялық тұрғындардың түсінігінше, ол - музыка.
Естіген құлаққа түрпідей тиетіні рас. Өзіңіз ойлаңызшы, бір топ еркек жиналып алып, айғайға басса, не болуы мүмкін?
Солтүстік Финляндиядағы Оулу қаласының ерлер қауымы бұл пікірімізді бір сәтте өзгертіп салады. Олар бір ортаға "айғайлау" үшін жиналып, әдемі әуенді дүниеге әкеледі.
Хор 30 адамнан тұрады. Олар міндетті түрде қара костюм киюлері керек. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, хор - сандырақ пен маскүнемдікке тосқауыл болады екен. Мұнда жиналған азаматтар іштеріндегіні осы жолмен шығаратын көрінеді.
Таяуда Мика Ронкаинен есімді жергілікті режисер ерлер хоры мен оның негізін қалаушы туралы деректі фильм түсірген. Бұл Sundance фестивалінде көрсетілетін тұңғыш финдік фильм болмақ.
Хордың әсері таңқаларлықтай. Әдетте салмақты әрі қабағын түйген қара киімді адамдарды көрсек, жұлқылап тастағымыз келеді. Ал олардың барлығы бірдей ауыздарын арандай ашатын болса, бірден есеңгіреп қалар едіңіз. Сіз мұндай көрініске дайынсыз ба, дайын емессіз бе, олар сізді бәрібір де есеңгіретіп тастайды.
Хордың мүшелерінің бірнешеуі кәсіби муызканттар болса, басқалары жай ғана айғайлауды ұнататындар. Ұжым жыл сайын 5-8 рет әлемнің әр түрлі елдеріне саяхат жасап, мыңдаған адамдарға күлкі сыйлап жүр.
Суреттер:vk.com
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева