Егер 7 гном мен ханшайым ертегісінде болғыңыз келсе, Қытайдың солтүстік бөлігіне сапарға дайындалыңыз. Ол елдің Кунминг деп аталатын мекенінде тек ергежейлілер өмір сүретін ауыл бар. Негізгі тұрғындары "Ергежейлі адамдар патшалығы" деп атауын өзгертіп алған. Бойының ұзындығы 129 сантиметрге жетпейтін қытайлықтар мұнда емін-еркін қоныстана алады. Бүгінгі таңда бұл жерде 18-48 жас аралығындағы 120 ергежейлі өмір сүреді. Оларға аурухана, мектеп, дүкен сынды жағдай жасалған.