- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Ергежейлілер ауылы туралы...
Ергежейлілер ауылы туралы не білесіз? (видео)
Фото:
tourweek.ru
Егер 7 гном мен ханшайым ертегісінде болғыңыз келсе, Қытайдың солтүстік бөлігіне сапарға дайындалыңыз. Ол елдің Кунминг деп аталатын мекенінде тек ергежейлілер өмір сүретін ауыл бар. Негізгі тұрғындары "Ергежейлі адамдар патшалығы" деп атауын өзгертіп алған. Бойының ұзындығы 129 сантиметрге жетпейтін қытайлықтар мұнда емін-еркін қоныстана алады. Бүгінгі таңда бұл жерде 18-48 жас аралығындағы 120 ергежейлі өмір сүреді. Оларға аурухана, мектеп, дүкен сынды жағдай жасалған.
Құдды бір ертегі еліне тап болғандай, қызықтап келетін туристер саны да күн санап артып келеді. Келген қонақтарға кішкентай үйлер көрсетіліп, күнделікті болатын карликтер шоуына көрермен болу бақыты бұйырады.
B. ZHAQSYMBET