Ересектерге арналған ермек

Ересектерге арналған ермек
Фото: nuka-nuk.livejournal.com, adme.ru

Ақ-қара түсті суреттерді бояп, оны әр түрлі айшықпен әрлендіру кішкентай балалардың ғана ермегі десеңіз, қателесесіз. Әлемде мұндай істі ермегіне айналдырған ересектер де жетіп артылады. Көбіне психологтар күйзеліске ұшыраған адамға бояусыз суреттер ұсынып, бар қайғысын шығаруға көмектеседі екен. Мұны тәжірибеге қатысқан адамдар да растап отыр. Олай болса ересектерге арналған келесі ақ-қара түсті суреттерді назарларыңызға ұсынамыз. Жүктеп алып, бояп көріңіздер.



 

 

 

Н. Үсенова