Соңғы 15 жыл бойы ғалымдардың бас ауруына айналған 300 метрлік апофис астероиды Жерге 2029 жылы құлайды деп болжанған еді. Алайда соңғы зерттеулерге сәйкес бұл уақыт кейінге шегерілді.
Алғаш 2004 жылы ғалымдар назарына іліккен астероидтың жермен соқтығысу ықтималдығы 2,7 процентті құрап, аспан денесі ғаламшарымызға 2029 жылы жақындап келеді деп болжанған болатын. Дегенмен кейінірек ғалымдар пікірін өзгертіп, бұл уақытты 2036 жылға қарай ығыстырды. Ал қазір астероидтың Жерге соғылу ықтималдығын тіпті жоққа шығарылып отыр. Бұл болашақта астероидтарды терең зерттеуге таптырмас мүмкіндік.
Апофис астероидының Жерге құлау ықтималдығы – миллионнан бір. Дегенмен Жерге жақын маңнан ұшып өтетінін жоққа шығаруға болмайды. Астероидтің "өмірін" жіті бақылап отырған NASA оның Жерге қашан жақындайтынын мәлімдеді:
- 2060 жылдың 12 сәуірі
- 2065 жылдың 11 сәуірі.
- 2068 жылдың12 сәуірі.
- 2068 жылдың 10 қазаны.
- 2076 жылдың 13 сәуірі.
- 2077 жылдың 13 сәуірі.
- 2078 жылдың 13 сәуірі.
- 2089 жылдың 10 қазаны.
- 2091 жылдың 13 сәуірі.
- 2103 жылдың 14 сәуірі.
NASA-ның есептеуінше, астероид Жердің маңынан сағатына 21 060 шақырым жылдамдықпен ұшып өтеді.