Ең танымал символдардың шығу тегі

Ең танымал символдардың шығу тегі
Фото: amazonaws.com

Семиотикалық негізі бар кез келген символдың шығу тегі мен қалыптасуы біз ойлағаннан да әріде жатыр және белгілі тарихи фактіге телінген. Bluetooth белгісі Х ғасырдағы тарихи оқиға мен тұлғаға негізделген деп кім ойлаған? Ендеше, назарларыңызға танымал символдардың шығу тегін ұсынамыз.

Амперсанд (& белгісі) 

Амперсанд белгісі (&) латынның "et" жалғаулығын білдіреді, яғни "және" шылауы. Мұндай лигатураны көне Рим кезінде ойлап тапқан. Цицеронның жеке хатшысы болған Тирон хаттағы жазуларды ықшамдау үшін "тирон белгілері" атты өз жүйесін жасаған. Содан бері амперсанд Еуропа мен Америка халықтарының жазу жүйесінде берік орнады. Мысалы ағылшын әліпбиінде бұл белгі соңғы болып тұрған, тек ХХ ғасырға таман әліпбиден алып тасталды. "et" шылауының біріккені сонша, ол (&) белгісіне дейін өзгерген. 

Амперсанд сөзінің шығуы да қызық. Ағылшындар балаларға әліпбиді үйреткенде, соңғы тұрған бұл белгіні "Аnd per se and" деп қалыптасып кеткен тіркестермен атағандықтан осындай біріккен сөз шыққан. "Аnd per se and" деген "Және "жәненің өзі" (сөзбе-сөз аударма). 

Жүрек 

"Махаббат жүректе өмір сүреді" дегенге қарамастан, жүрек символының адам жүрегіне қатысы шамалы. Бірақ бұл символдың шығуына қатысты бірнеше гипотеза бар:

• Екі аққу бір-біріне жанасқанда жүрек символының пішінін жасайды. Көп халықта қос аққу махаббатың нышаны болғандықтан, жүрек пішіні символға айналған деген болжам бар.

• Тағы бір гипотеза бойынша жүрек символы жоңышқа жапырағының пішініне ұқсайды. Мысалы гректердің құмыраларында бұл белгі шарап жасау символы Диониспен бірге бейнеленіп келген. 

Bluetooth 

Х ғасырда Данияны Харальд Блатанд атты король басқарған. Ол дат тайпаларын бір корольдікке біріктіріп, билігі асқан король болған деседі. Оның "Көктіс" деген лақап аты болған екен, себебі король қарақатты сүйіп жеген және бір тісі көгеріп тұратын болған. 

Bluetooth технологиясы бірнеше қондырғыны бір желіге біріктіреді. Ал оның белгісі Хагал (Hagall), H әрпінің аналогы және Беркана (Berkana), В әрпінің аналогы тайпаларының атауынан және Харальд Блатанд аты мен тегінің бірінші әріптеріне негізделген. 

Power белгісі 

Бұл белгіні көрген бойда қандай да бір техниканы қосу-өшіру функциясын атқаратынын тану қиын емес. Қазір бұл Power функциясының символына айналып кетті. Ал оның шығу тегі өте қарапайым. Өткен ғасырдың 40-шы жылдарында инженерлер қосу және өшіру жүйесіне 1 мен 0 сандарын қолданған. Содан кейін осы екі сан бірігіп Power символына айналды. 

"О.К." белгісі 

Көп адам бұл белгіні "бәрі дұрыс", "жарайды" сияқты ұғымдармен байланыстырады. Алайда барлық елде бұл белгі оң сипатқа ие емес. Егер шетелдік біреу Францияда бұл белгіні адамға бағыттаса, оны нөлге теңеп балағаттағандай болады екен. Символ болып кеткен бұл белгінің де шығуына қатысты бірнеше гипотеза бар. 

• АҚШ Президенті Эндрю Джексон шешім қабылдау кезінде all correct (немісше oll korrekt) сөздерін қолданған. Неміс тілі нұсқасындағы алғашқы әріптер осылайша О.К. белгісін жасаған-мыс. 

• Тағы бір гипотеза бойынша бұл белгі үнділердің мудрасынан шыққан. Мудра – буддизм мен индуизмдегі жоралғы. Ол білім алу, үйрену мағынасын береді. Әдетте, Будданың көп ескерткіштерін осы белгімен байланыстырып жатады.

Massaget.kz