Ең кішкентайлар мен ең үлкендер

Ең кішкентайлар мен ең үлкендер
Фото: veganstvo.info

Ең кішкентай құс — колибри, көлемі 5 см-ден аспайды, салмағы - 1,6-1,8 грамм, ең үлкен құс — африкалық түйеқұс, олар 2,7 метрге дейін өсіп, 175 килограмға дейін салмақ жинайды.

Ең кішкентай балық — Paedocypris Progenetica, ұзындығы бар-жоғы - 7,9 мм, ал ең үлкені — кит акуласы. Кит акуласының ұзындығы 15 метрге дейін жетеді және салмағы 10 тоннадан асады.

Ең кішкентай моллюска — Ammonicera rota, қабыршағының диаметрі 0,5 мм, ал ең үлкен моллюска — ұзындығы 1,37 метр және салмағы 230 киллограмды құрайтын алып Тридакна (Tridacna gigas).

Ең кішкентай жылан — Tetracheilostoma sp. nov (6 см аспайды), жыланның ең үлкені — анаконда. Анаконда көлемінің тіркелген ең ұзын мөлшері – 11 метр, 43 сантиметр.

Ең кішкентай тасбақа — Homopus signatus, оның ең ұзыны – 10 см. Ал ең үлкен тасбақа — піл тасбақалары немесе сейшелдік, салмағы 385 кг-ды құраса, ұзындықтары 1,5 метрге жетеді. Сонымен қатар, теңіздегі терілі тасбақаның ұзындығы 2 м, салмағы шамамен 600 кг-ды көрсетеді. 

Ең кішкентай қолтырауын — ергежейлі қолтырауын, ұзындығы - 19 см. Ал ең үлкен қолтырауынға келетін болсақ, ол — теңіз қолтырауыны (Crocodylus porosus) — ұзындығы 5,48 м, салмағы 998 кг тартады.

Ең кішкентай бақа — Paedophryne amauensis, ұзындығы шамамен 7 миллиметр, ең үлкен бақа — африкалық Голиаф — салмағы 3 килограмға дейін жетеді, ал ұзындығы 50 сантиметрден асады.

Ең кішкентай көбелек — ацетозея (Johanssonia acetosea) — 2 мм, көбелектің ең үлкені — тауыскөзді Атлас, оның ең үлкен құлашы - 298 мм жетеді.

Ең кішкентай жарқанат — шошқамұрынды жарқанат(Craseonycteris thonglongyai). Оның ұзындығы 3,3 сантиметрден аспайды, салмағы 1,7-2 гр. Ең үлкен жарқанат — ұшатын түлкі/ит (Pteropus)— денесінің ұзындығы 40 см, ал қанаттарының құлашы 180 сантиметрге дейін жетеді, салмағы - 1,5 кг.

Ең кішкентай шаян — пиннотерес деп аталады, ұзындығы бар-жоғы 6,3 мм құрайды. Ал ең үлкен шаян-өрмекші —  ұзындығы 1,5 метр, ал аяқтарының ұзындығы 4 метрге тең.

Дереккөз:bilim-all.kz

Т. Есқали