- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Емдік қасиеті бар...
Емдік қасиеті бар ағаштар
Ата-бабаларымыз көшпенділік дәуірден бастап табиғат-тың емдік қасиеттеріне айрықша мән берді. Қазақтың қара өленіңдегі "Аса байлық не керек, ден cay болса болғаны" әні денсаулықтың қадірін бірінші орынға қойғандықты дәлелдемек. Көшіп қонып жүретін ата бабалар көбінесе көктемдік және жаздық қоныстарын орман-тоғайға жақын орналастыруға нұсқау беретін. Орман-тоғайдың таза ауасы мен сылдырап аққан тау бұлағы, өзен сулары үні жаның мен тәніңді бір демде сергітіп, шаршағаныңды басып, дене ауырлығын сылып тастайтын қасиетін біз әлі меңгере алмай келеміз.
Кейінгі кезде көбінесе жүйке ауруы, көңілсіздік жағдайға ұшырағандарға тауға барып, орман тоғай ішіне бір жеті демалып келуді ұсынға-нымызда олардың көбі оралған соң қобалжу мен мазасыздықтан айырылып, жүйке аурулары жоғалып кеткенін айтуда. Бұл табиғаттың өзінің әлі ашылмаған шипагерлік қасиеті барын білдірмек. Ормандағы жеке ағаштар әр түрлі биоөрісін шығарады. Ол өpic олардың жапырақтары арқылы жан жағына нұр сәуле шашып құлпыртып тұрады. Мысалы, алып емен, ұзын қарағай, сымбатты қайыңдар биологиялық энергияны көп бойына жинайтыны ғылымда дәлелденді. Қысқасы, ағаштар өзінің қасие-тіне қарай үш түрге бөлінеді. Біріншісі - "сорып алғыш" ағаштар. Олар адамның қуат күшін (энергиясын) сорып алады. Бұлардан бөлінетін био-өріс суықтау келеді. Екіншісі - «қуа т беруші» ағаштар. Олар адамға қуат беріп, денесін ескі теріс қуаттан тазартады. Адамның да қуат-күші өседі. Бұндай ағашка адам жакындағанда жылы, ыстықтау биоөріс шығарып тұрады. Үшінші ағаштар - "бейтарап-ты"болады. Бұл ағаштар адамға не зиян да, пайда да жасай алмайды. Бөлетін биоөрісі қоңырсалқындау келеді. Бұл тепе-теңдікті сақтайтын таразы сиякты.
Құдай басқа бермесін, "Қанішер ағаш та" кездеседі. Германияда өсетін бір қара ағашта "қанішерлік" касиет бар екен. Оны кескен жұмысшыларды ағаштың тамыры орап алып, қылғындырып өлтірген. Алты жұмысшы жәй өлмей, тамырмен алысып-жұлысып өлгенін дәлелдейтін жанталас іздері қалған. Мұндай ағашқа жеке барған да осылай болған.
Бұл жағдай 1911 жылдан басталыпты. Бір шала кесіліп сүйеніп қалған ағаш түнде жұмысшылар палаткасы үстіне түсіп, оларды өлтіріп, артынан таудан домалаған бүл ағаш етекке дейін тоғыз адамның өлімін әкелген. Бұл калай? Жын-перінің ордасы ма? Жоқ, ағашқа енген "зұлым" рухтар ма? Мүмкін киелі ағаш шығар. Киелі рухтар мекені ме? Ал енді ойла-найық?!
Кейбір ағаштарды кескенде ішкі өзегінен қан немесе сүтке ұқсас сұйық ағады. Бұны кескен адам көбінесе кемтар болады. Тіпті ұрпақтар қасіретіне ұласып та кетеді.
Мәселен Қожа Ахмет Иассауи бабаның жаназасын шығарған, бүгінде кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы орталығы Шолаққорғандағы тама "Қарабура" әулиеге тіккен ағаштар да өте киелі. Кесене жанындағы ағашты кескендердің көбі ауыр жағдайларға ұшыраған. Бұндай ағаштарды білгендер басқаға ескерткені жөн болмақ.
Ағаштың бесінші бір түрі "керіпкелдік" касиеті барлар. Бүндай ағаш Қытайдың Синьдянышн дейтін жерде өзен жағасында өседі. Сол өсіп тұрған 400 жылдық ғұмыры бар лавр ағашы су тасқынын дәл айта алады. Оның хабарлық белгісі сол - ағаш өзінің діңгегінің түсін өзгерту арқылы су қанша деңгейге көтерілетінін білдіреді екен.
Бұл кәдімгі ыстықтық пен суықтықты өлшейтін манометр сияқты. Ал Қазақстанның Алматы облысының Панфилов ауданының (Қорғас) Жуанағаш кеңшары аймағында бес ғасыр өмір сүріп, ешқандай өзгеріске ұшырамаған "Әулие Ағаш" бар. Жуандығы алты жарым құлаш келетін "Әулие Ағаштың" қабығынан бұлақ ағады. Аққан бұлақ суының емдік қасиеті күшті. Республиканың түкпір түкпірінен емделуге келушілер өте көп. Бұл табиғаттың әлі ашылмаған сыры.
Қасиетті жер ана өзінің құшағына алған тірі пенде жан-жануар және өсімдіктер мен ағаштардан ештеңесін аяған емес. Ал, біз білмейтін құпиялар қаншама?
Халқымыз әр түрлі ағаштардың жеке-жеке ауруларға емдік қасиетін ертеден-ақ меңгерді. Мәселен, аяқ шаншығанда, бас ауырғанда шетенді сол ауырған жерге қойып, сырқатты бәсеңдеткен. Шетен қуат бергіш ағаш тобына жатады. Дегенмен, шетенді ұзақ пайдалану да қауіпті. Кері әсері болуы мүмкін. Қазақтар шетенді найзағай тартады деп үй жанына отырғы-зудан бас тартқан. Емен, қарағай, кайың жағымды қуат энергиясын сыйлайды. Біздің күш қуатымызды арттырып, өмірдің ұзаруына, қартаймауға, жігерлі жүруге көмек етіп отырады. Шетен, терек сияқты ағаштар да жағымсыз энергияны өзіне тартып алады. Осыған байланысты нақты ғылыми негіздерге, тәжірибелерге сүйеніп әр адамның өзінің жеке "қуат бергіш" және "қуат сорғыш" ағашы болатыны анықталды. Алайда, аты аталған немесе аталмаған "қуат бергіш" ағаштар толық емдік қасиетке ие деп біржақты айта салуға да болмайды. Өйткені әр адамның өзінің туған жыл, ай, күніне қарай өз ағашы болады. Ағаштың қандайда бір емдік белгісіне карай анықтап, "қуат бергіш" ағашқа жақындағанда әр сеансты 10-15 минуттан бастап, 20-30 минутқа дейін созып, жеті рет сеанс алған дұрыс болады. Денеңізге кері әсер ететін ағаш жанына жоламау қажет. Әрине, орманға барғанда бір ғана ағаш шипалы деу дұрыс та болмас. Ормандағы барлық өсімдіктер биоөріс бөледі. Су өзінің сылдырап аққан үнімен дененің жүйке жұмысын жақсартады. Өсімдік те, су да адамның кері қуатын сорып шығара алады. Бұларға таза ауаны қосыңыз. Тағы бір қасиетті қуат көзі – ормандағы тастар. Тастың да емдік қасиеті және сондағы жер асты мен үстіндегі минералды заттар да, "қуат күшін" сыйлайтынын ұмытпаған жөн.
Әрбір адам психологиясы, мінез-құлқы табиғаттағы күн, ауа, су, от және белгісіз миллиондаған материалдық ғаламдық планеталармен тікелей байланысты. Ағаштың қай түрін алсақ та, өзіне тән касиетін айттық. Адамдардың да мінез-қүлқы өзінің жеке ағаш-жұлдызнамасына тән. Бұл ағаш-жұлдызнаманы білу, адамның өзінің мінез-құлқын жақсартып, денсаулығын бір қалыпты ұстауға, психоло-гиясын дамытуға көмектеседі.
Қорыта келгенде, денсаулықты дәрісіз қорғауда табиғат емшінің қасие-тін пайдалану тиімді болмақ. Мүмкіндікке қарай жәй бас ауру, әбіржу т.б. көңілсіздік туа қалса өзіңізге жақын бау-бақша ішіне, орман-тоғайға, өзен жағаларына барып бір уақыт демалуды ұмытпайық. Ағаш-шипагердің шипасы қонымды болсын.
М. Ақан