Дауылдан кейін Тынық мұхитындағы елсіз аралға түскен үш теңізшіні жағаға пальма жапырақтарымен жазылған жазу құтқарды. Бұл туралы АҚШ Жағалау күзетінің гавайлық бөлімшесі өзінің Facebook желісіндегі парақшасына жазды.
Теңізшілер кішігірім қайықпен 4 сәуір күні кешке үш сағаттық жүзуге шығады. Біраз уақыттан соң дауыл басталып, қайық төңкеріліп қалған. Олар түнде жақын аралға дейін 2 миля қашықтықты жүзіп өткен. Олар жеткен аймақ елсіз арал болып шықты.
Олар аралдағы құмға пальма жапырақтарымен Help сөзін жазды, олар сол жазу арқылы табылды. "Теңізшілердің тапқырлығы олардың құтқарылуына мүмкіндік берді", - деді жағадағы күзетшілер.
Дереккөз: tengrinews.kz