Жер бетінде қанша мемлекет болса, сонша заң мен дәстүр бар. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары да жетерлік. Бірі қызық болып жатса, енді біреулері ессіздік болып көрінеді. Олармен өздеріңіз оқып танысыңыздар:
- АҚШ-да орыс туристеріне аюларды атуға тыйым салынған.
- АҚШ-да мектептен орындық ұрлауға тыйым салынған.
- АҚШ-да полиция қызметкерлерінің иттерді тістеп тыныштандыруға құқықтары бар.
- Аустралияда ит тістеп алған адамдар үшін парк есігі ашық және барлығы да тегін.
- Аустралияда тиіндерді қорқытуға тыйым салынған.
- Аустралияда кенгурумен шахмат ойнауға болмайды.
- Аргентинада мәйітханада би билеуге болмайды.
- Аргентинада темекі тартпайтын, косметика пайдаланбайтын қыз әр аптаның жексенбісінде дүкендерден 90% жеңілдікке ие болады.
- Аргентинада сабақтан 5 алсаңыз да, ұстазыңызға тағам дайындата алмайсыз.
- Амстердамда жерлеу кезінде кекіруге тыйым салынған.
- Африкада көлеңкеңізге қаратып оқ атуға тыйым салынған.
- Берлинде сусын, шәй мен сыраны араластырып ішуге тыйым салынған.
- Германияда салмағы 5 килограмнан асатын сөмкелерді ұстап жүруге болмайды.
- Грецияда пиццаны сол аяқпен жеуге болмайды.
- Грецияда шаш пен тырнақтарды бояуға тыйым салынған.
- Грецияда нашар баға алған балаларды сатып жіберуге рұқсат жоқ.
- Грецияда ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болуға болмайды.
- Данияда өлең айта алмайтын адамдар караокеге бара алмайды.
- Жапония елінде мас адам балмұздақ жей алмайды.
- Жапонияда балалардың денсаулығына зиян келтіретін тағамдарды қолдануға болмайды. Қолданған жағдайда жазаға тартылады.
- Италияда сабақ үстінде түшкірген оқушы анаша пайдаланбайтындығын растайтын тесттен өтуге міндетті.
- Италияда чипстердің қаптамасын иіскеуге тыйым салынған.
- Индонезияда кез келген әйел өзінің телефондағы әңгімесін тыңдап қойған адамның құлағын күйдіре алады.
- Қытайда құлаққапсыз әуен тыңдауға болмайды.
- Қытайда тісіңіздің саны 50-ден жоғары болса, тіс дәрігеріне бара алмайсыз.
- Қытайда жұмыстан қуылған азамат 2 аптаға дейін жуынбай жүруге міндетті.
- Қытайда Ресей империясының аты аталатын кітаптар жазуға тыйым салады.
- Қытайда үшінші балаға төленетін салық lamborghini Murcielago көлігінің салығынан да жоғары.
- Қытайда 16 жасқа дейінгі балалар желілерге өз атымен тіркеле алмайды.
- Қытайда балықтарға үйленуге болмайды
- Қытайда қоғамдық көлікте тұрып түшкіруге болмайды. Түшкірген жағдайда көліктен шығып кетуге тиіссіз.
- Қытайда өзге әйелге көз салған күйеулердің киімдерін өртеп жіберуге рұқсат берілген.
- Қытайда адамдарды қорқытуға болмайды.
- Канадада орыс туристер кинотеатрға аюларымен бірге кіре алмайды.
- Канадада қиын тапсырма берген ұстазды өртеп жіберуге болмайды.
- Канадада ұстазды орындықпен ұруға тыйым салынған, оның орнына кітаппен ұруға болады.
- Канадада тоңазытқышта ұйықтауға тыйым салған.
- Португалия елінде триллерлерді көруге болмайды. Тек операларды қарауға рұқсат берілген.
- Португалияда тышқандарды мылтықпен өлтіруге болмайды.
- Португалияда өрмекші адамға ұқсаймын деп өрмекшілерді жеуге тыйым салынған.
- Португалияда көршілеріңіз өлтірген масалар мен шыбындарды ұрлап алуға тыйым салынған.
- Норвегияда 3 рет қатарынан түшкірген адамды ұруға болады.
- Лондонда метрода үйлену тойын жасауға рұқсат берілмейді.
- Ирландияда студенттердің сессия кезінде қайтыс болуы заңсыз әрекет болып саналады.
- Ирландияда желімді иіскеуге қатаң түрде тыйым салынған.
- Испанияда туысқандарыңыздан өзге бөтен адамдарды тістеуге болмайды.
- Испания елінде экзаменге мас болып келген студенттің орыс тілінде ән салуға құқығы бар.
- Үндістанда піл астында ұйықтауға болмайды
- Үндістанда масаларды сүюге болмайды.
- Үндістанда ішімдікпен бас жууға тыйым салынған.
- Үндістанда күйеуінен алданған әйел оны өлтіре алмайды.
- Үндістанда әйел адамға бір уақытта 5 қошеметтен артық айтуға тыйым салынады.
- Үндістанда дүкенде тұрып билеуге тыйым салынған. Тек киім сатып алған жағдайда ғана билей аласыз.
- Үндістанда ұшақтарды ұрлауға болмайды.
- Үндістанда пілдерге тұрмысқа шығуға болмайды.
- Үндістанда фломастердің көмегімен мұрт салуға тыйым салынған.
- Чехияда ата-аналары балаларын балықпен ұрса, жазаға тартылады.
- Чехияда көршіңіздің иті бау-бақшаңызды ластап кетсе, оларды аямай ұруыңызға болады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: umbr.ru