Экзотикалық жемістер қалай өседі? #2

Жеміс-жидектің жетілетін кезі жақын. Иә, әңгіме жаз мезгілі туралы. Өз өлкемізде өсетін алма, өрік, шие секілді бізге танымал жемістердің қалай жетілетіні де белгілі. Ал қысы-жазы шетелден таситын экзотикалық жемістердің қалай және қайда өсетіні өте қызық. Олай болса, тамашалайық!

БАСЫ

Құлпынайдың жерден өсетінін көпшілігі білетін болар. Тәбет ашарлық түрі және мұрын жарар хош иісі арқылы кез келген адамның сезімін оятар жидекті қатардан қалдырмауды жөн санадық.

Манго жемісін біреулер құлпынай сияқты жерде өседі десе, біреулер ағашта өседі дейді. Ол жапырағы мәңгі жасыл боп тұратын ағашта өседі. Ол жеміс пе, жидек пе деген сауал да туындайды. Ішінде сопақша келген тұқымы болады, жеміске жатады.

Апельсин де ағашта өседі.

Қазіргі кезде адамдарға атқаратын іс қалмады деуге де болады. Жейтін азықтарымызға дейін қабығы ашылып, жеуге дайын боп келеді. Жержаңғақ қабығының түрін ұмытып қалған жоқсыздар ма?

Ол жердің астында тамырымен жалғасып өседі екен. Піскен кезінде жерден қазып алады.

Бізден тым шалғайда өсетіндіктен, көбінесе кепкен жеміс түрінде кездесетін інжір осылай өседі.

Какос пальмада өсетінін бәріміз білеміз. Ал көргендеріңіз бар ма? 

Ол 27-30 метр биіктікте өседі.

Әлемде шоколад ағашы да бар десе, сенер ме едіңіз? Жоқ?

Ал сүйікті шоколадымызға хош иіс пен нәр беретін какао ағашта өседі десе ше?

Біз бұл жемістің дәмін тек үстел үстінде желінбей тұратын кәмпит арқылы білеміз. Бұл – бөріқарақат (барбарис).