Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат санасынан өшпестей із қалдырды. Бұл тарихтағы ең сұрапыл соғыс болды. Анасын баласынан, баласын әкесінен, жарын сүйгенінен айырған қанды қырғынның тигізген зардабы да өте ауыр еді. Бұл соғысқа әлемнің 61 мемлекеті қатысты. Соғыс жылдарында 70 миллионнан астам адам қаза тапты. Оның зардабына арнап кейіннен өнер адамдары туындыларын арнады. Назарыңызға Екінші дүниежүзілік соғысқа арналған ескерткіштерді ұсынамыз.
Хатынь ауылындағы ескерткіш. Беларусь
1943 жылы 22 наурызда Хатынь ауылының 149 тұрғыны вермахт офицерін өлтірген партизандарға баспана бергені үшін жазалаушы отрядпен қамауға алынып, өртелді. Жанып жатқан ғимараттан қашып шыққандарды фашист әскері атып тастады. 1969 жылы қираған ауылда қаза тапқан тұрғындарды еске алу үшін ескерткіш орнатылды.
Дунайдағы аяқ киім. Будапешт, Венгрия.
1944-1945 жылдар аралығында Венгрия нацистік партиясының мүшелері Дунай жағасында бірнеше мың адамды атып тастады. Оқты үнемдеу үшін 50-60 адамды байлап атқан. Байланған адамдардың ішінен біреуін атқанда ол құлап, қалғандарды өзімен бірге суға тартып алып кететін. Ал тұрғындардың аяқкиімін сату мақсатында атпастан бұрын аяқ киімдерін шешіп алған.
Кейіннен 2005 жылы құрбан болғандарды еске алу үшін өзен жағасына ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған 60 жұп темір аяқ киім орнатылды.
82 балаға арналған ескерткіш. Лидице, Чехия.
1942 жылы 10 маусымда Прага маңындағы Лидице ауылының тұрғыны неміс офицерін өлтірген партизандарды жасырды деген күдікпен неміс әскерлері ауыл адамдарын түгелдей өлім жазасына кеседі. Ауылдың барлық тұрғындары, оның ішінде 1 жастан асқан балалар да атып өлтірілді немесе концлагерьлерге айдалды. 1969-89 жылдар аралығында 82 балаға арналған ескерткіш орнатылды.
"Екінші дүниежүзілік соғыс әйелдері" монументі. Лондон, Ұлыбритания
2005 жылы Ұлыбритания астанасының орталығында Екінші дүниежүзілік соғыс әйелдеріне арналған ескерткіш ашылды. Қара тас тақтаға киімнің 17 түрі ілінген, оның ішінде медбикелер формасы, әскери киім, дәнекерлеу және әйелдер соғыс кезінде үйренген көптеген басқа мамандықтар бар.
Соғыста өлтірілген жануарларға арналған ескерткіш. Лондон, Ұлыбритания
Лондонның Гайд-паркіне жақын маңға Жердегі барлық қарулы қақтығыстарда қаза тапқан жануарларға арналған ерекше ескерткіш бар. Ескерткіштің қабырғасына кіре берісте екі қашыр бейнеленген, олардың алдында қола ат пен ит қабырға артында иесін күтіп тұр. Ескерткіш 1,5 миллион фунт стерлинг берген жеке адамдардың есебінен орнатылған.
"Ор" ескерткіші. Минск, Беларусь
1942 жылы 2 наурызда неміс әскерлері Минскінің Мельникайте көшесінде геттода ұсталған 5000-ға жуық адамды атып өлтірді. Осы оқиғаны еске алу үшін 2000 жылы апат орнында тұңғиыққа түсіп бара жатқан бірнеше ондаған адамнан тұратын "Соңғы жол" мүсін композициясы тұрғызылды. Холокост құрбандарының барлығына ескерткіш орнату қолмен жасалды және оны салу 8 жылға созылған.
Балаларға арналған бейбітшілік монументі. Хиросима, Жапония.
1945 жылы 6 тамызда Хиросимаға атом бомбасы тасталған кезде 2 жасар Садако Сасаки үйінде болған. Ол жарылыстан емес, 10 жылдан кейін радиация тудырған лейкоздан қайтыс болды. Өлер алдында Садако 1000 қағаз тырна жасаса, тілегі орындалады деген аңыз бойынша қағаздан тырналар құрастырған. Садако әр тырна жасағанда Құдайдан өмір сұраған.
Үстінде үлкен қағаз краны бар Садако ескерткіші бомбалаудан қаза болған және зардап шеккен Хиросима мен Нагасаки балаларына арналған.
Кейіннен бұл оқиғаға арнап атақты ақын Расул Гамзатов:
"Летит, летит по небу клин усталый –
Мои друзья былые и родня.
И в их строю есть промежуток малый –
Быть может, это место для меня", - деп басталатын поэма жазды.
Даңқ Мемориалы, Қазақстан
Даңқ Мемориалы – 28 панфиловшылар саябағында 1975 жылы орнатылған ескерткіш-кешен. Бұл ескерткіште 1941 жылы Мәскеуді қорғауда қаза тапқан 28 панфиловшы жауынгер бейнеленген.
1941 жылы 15 қарашада Германия әскерлері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші “негізгі шешуші шабуылды” бастады. Батыс майдан жауынгерлері ауыр ұрыстар жүргізді. Осы майданға кіретін 16-армияның құрамында Алматыда жасақталған генерал-майор И.В. Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. 16-қарашада жау Волоколам бағытында ұрысқа шығып, Дубосеково разъезіндегі 1075-атқыштар полкі 4-ротасының 2-взводы тұрған бекініс шебіне шабуыл жасады. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков басқарған взвод жауынгерлері – барлығы 28 адам мылтықпен, жанармай құйылған шөлмектермен, гранаталармен қаруланып, жаудың 20 танкісімен 4 сағатқа созылған ұрыс жүргізді. Жаудың 14 танкісі қиратылып, панфиловшылар арасынан да бірнеше адам қаза тапты. Жау ұрысқа тағы 30 танк шығарды. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді. 28 панфиловшылардың 23-і қазаға ұшырады, бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 ылы 21 шілдедегі жарлығымен бұл жауынгерлердің барлығына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.