Өндірушілер күлкілі де ыңғайсыз жағдайға тап болмас үшін, өздерінің брендтеріне әр елде әр түрлі атау қолданып жатады. Жалпы бренд атауын түрлі себептерге байланысты қандай да бір нарыққа сай етіп өзгерту стандартты тәжірибе болып есептеледі. Тіпті алпауыт компаниялардың өзі жергілікті халықтың салт-дәстүріне сәйкес бренд стратегиясын бейімдендіруге мәжбүр.
Мәселен, Coca-Cola алғаш рет Қытай еліне келгенде, компания аты аңызға айналған сауда маркасын сол күйінде қалдыруды жөн көрген. Алайда, бұл сөз қытай тілінде "қазанбасты тістеп алыңыз" («укусите головастика») деп аударылған.
Сондықтан Coca Cola-ға қытайша 可口可乐 деген атау беруге тура келді. «ke kou ke le» деп оқылатын бұл сөздің тікелей аудармасы «істей аламын, ауыз, бақыт» дегенді білдіреді.
Осыған орай, шет елге демалысқа барғанда, іздеп таба алмайтын әлемдегі ең ірі брендтердің тізімін ұсынбақпыз.
Егер сіз «бұрынғы КСРО елдерінен» басқа жерге сапарға аттансаңыз P&G жасаған Blend-A-Med тіс пастасын таба алмайсыз. Бірақ, соның аналогы саналатын Crest-ті кездестіресіз. Ал Қазақстанда да «Крест» деп аталатын болғанда халықтың оны сатып алуы екіталай болар еді.
Opel автокөліктері Англияда мүлдем басқа брендпен сатылады. Ағылшындар оны Vauxhall деп атайды. Ал Аустралия елінде жергілікті Holden маркасымен белгілі.
Mitsubishi Pajero көлігі испан тілді елдерде Mitsubishi Montero деген атпен сатылады. Ал Ұлыбританияда аталған көлік атауын Mitsubishi Shogun-мен ауыстырған.
Өткен ғасырдың 80-жылдары «Жигули» автокөліктері экспортқа шығарыла бастады. Бірақ, шетелдіктерге бұл атау «жиголо» сөзін еске салатындықтан дүниеге Lada бренді келді.
Chevrolet Aveo Солтүстік Америкаға Chevrolet Sonic брендімен белгісі болса, Қытайда Chevrolet Sail деп аталады. Ал Шығыс Еуропа елдері бұл көлікті - Daewoo Kalos деген атпен таниды.
Toyota Yaris Жапонияның ішкі нарығында Toyota Vitz атауымен шығарылады. АҚШ пен Канада елдерінде осы бір жапондық көліктің атауы Toyota Echo.
Біз білетін Мистер Пропер – ат өзгерту бойынша рекордшы болып есептеледі. Оны қалай атамайды десеңізші. Атауларының толық тізімі мынадай: АҚШ пен Канадада - Mr. Clean, Германияда - Meister Proper, Францияда - Monsieur Propre, Латын Америка елдері мен Мексида - Maestro Limpio және Италия елінде - Mastro Lindo. Бұл Clean сөзін әр елдің мемлекеттік тіліне аударылуымен байланысты. Бірақ, Mr.Clean-нің Қазақстан елінде неге Таза Мырза болмай қалғаны түсініксіз...
Жастар арасында көптеп қолданылатын Axe дезодоранты ағылшын тілді елдерде Lynx атауымен белгілі. Себебі, аталған сөз ағылшын тілінде – «балта» дегенді білдіреді.
Rexona дезодоранты Ұлыбритания мен Ирландия елдерінде Sure деп аталады. Ал Солтүстік Америкада аталған дезодорант Degree атауымен белгілі.
Cif тазалағыш құралы Англияда - Jif, Францияда - Vif, Канадада - Vim.
Tide кір жуу ұнтағы Түркия елінде Alo деп аталса, Латын Америкада оны Ace дейді.
Ыдыс жууға арналған Fairy құралы Еуропаның кейбір елдерінде Dawn деп аталады.
Сүйікті Lays чипсылары Ұлыбритания және Франция елдерінде Walkers деп аталады.
Dove шоколады Ұлыбританияда Galaxy атауымен танымал екен.
Elseve су сабыны Фин жерінде Elvital болса, Ұлыбританияда - Elvive.
АҚШ елінде Lenor Downy деп аталады.
Snickers — Marathon (Ұлыбритания)
Twix — Raider (Еуропа елдерінде 2000 жылға дейін).
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: adme.ru, copypast.ru