Желтоқсан бел ортасынан асып, жаңа жылдың қарбаласы басталысымен әр отбасы мерекелік шыршаны безендіруге кіріседі. Көбісі былтырғы шыршаны шатырдан түсірсе, енді біреуі мәңгі жасылжасандыағашты жаңадан сатып алады. Тіпті, түрлі заңбұзушылық әрекеттер жасап, шыршаны тыйым салған мезгілде орманнан шауып әкелетіндер де бар. Бүгіндешыршажаңа жылдың символына айналуына не себеп болды? Бүгін деп айту қателік болар. Себебі ертедегі адамдар мәңгі жасыл қалпынан өзгермейтін болғандықтан, бұл өсімдікке сыйынатын болған. Орманға барып, шыршаға ең әдемі әшекейлерді ілген. Уақыт өте Ресей аумағында І Петр 1700 жылы 1 қаңтарда жаңа жылды шыршамен тойлау дәстүрін ең алғаш рет енгізді. Ал, тағы бір деректерге көз жүгіртер болсақ, жаңа жылды көшпелі қыпшақтар да тойлаған. Мұрат Әжі Қыпшақтар кітабының Шыршалар мерекесі атты тарауында көшпелілер жаңа жылды жеке мереке ретінде атап өткенін жазған. 25 желтоқсанда шырша құрып, оның айналасында ән айтып, той-думан жасаған. Шыршаны ағаш ретінде қарастырсақ, ол жеңіл ағаштың түрі. Бұл ағаштан жасалған музыкалық аспаптар үні керемет шығады. Мысалы, скрипка аспабы дәл осы ағаштан жасалған. Шыршаның тамырын тері илеуде де кеңінен қолданады. Байқасаңыз, белгілі бір ауылға, қалаға кіреберіс жолда көбіне шырша отырғызылады. Себебі, шырша қыс мезгіліндежолды қарбасып қалуынан қорғайды. Ол күн көзін жақсы сіңіретін өсімдіктер қатарына жататындықтан биікте өседі. Ең ұзын шыршалар 50 метрге дейін жетеді. Бұл ағаштың әлемде 50-ге жуық түрі бар. Орташа есеппен, 50-150 жыл аралығында өмір сүреді. Таулы-тасты аймақта өсетін мәңгі жасыл ағаштың жапырақтары кемінде алты жыл сайын жаңарып отырады. Ауруханалар мен емханалардың ауласына отырғызылу себебі, шырша ауаны тазартып, туберкулез ауруынан арылуға көп көмек тигізеді. Ата-бабамыз аңсап келген тәуелсіздік алған күн шыршаның көлеңкесінде қалып қоятыны өкінішті деп өз ойын білдірген оқырманның пікірі жаңа мақаланың туындауына түрткі болды. Массагеттегі мақалалардың қатары белсенді оқырман пікірі арқылы көбейіп жатқанына біз де қуаныштымыз.