Қара теңіз түбінен ежелгі әрі жақсы сақталған, мамандардың бағасы бойынша 2400 жылдық тарихы бар кеме табылды, деп хабарлайды BBC арнасы. Сауда кемесі 2 километр тереңдіктен әрі Болгария жағалауынан 80 километр қашықтықтан табылған. Қара теңіздің бұл бөлігі оттегісіз және органикалық заттарды мыңдаған жыл бойына сақтауға қабілетті. Кеменің ағаш қалдықтары зерттеуден өтіп, қорытындысы бойынша біздің заманымызға дейінгі 400 жылдарға сәйкес келетіні анықталған. Зерттеушілер кеменің барлық бөлігі 2400 жыл өткеніне қарамастан жақсы сақталған дейді. Кеме ежелгі грек стилінде өрнектелген. Осы уақытқа дейін мамандар ежелгі кемелердің кішкентай бөліктерін ғана тапқан.