Египет экономикасының жағдайы мәз емес. Ел билігі бұл жағдайдан шығудың әдісін де тауыпты. Олар Ежелгі пирамидалар мен сәулеттік ескерткіштерді жалға беруді көздеп отыр.
Пирамидалардың болашақ иесі тендер нәтижесі арқылы белгілі болады. Жалға алушы шетелдік туристік фирмалар ежелгі құрылыстарды 3-5 жылға бірнеше жүз миллиардқа жалдай алады екен.
Бір қызығы, ел басқарушылары бұл мәселеге атүсті қарамаған екен. Экономистердің айтуы бойынша Египет бұл ісі арқылы 200 миллиард ақша таба алады дейді. Жалға берілетін мұралар қатарында аңызға айналған сфинкс, Гиз пирамидалары, Карнак пен Луксордағы сәулет кешендері және Абу-Симбеледегі ІІ Рамсес фараонының шіркеуі бар екен.
Египеттің Мәдени мұраларды сақтау министрлігі мен әлемнің басты археологтары бұл іске сынмен қарағаны да ел басшылығын тоқтата алмайтындай көрінеді. Бірақ жалға берілген пирамидалардың ендігіде қандай жолмен қызмет атқаратындығы еш жерде жазылмаған.
Ал әлдекімдер пирамиданы жалға алғандар онда түнгі кештерді өткізетін шығар деп те әзілдепті. Ал шын мәнісіне келгенде жалға алған компания оларды өз бағаларымен және өзгеше қызмет көрсете отырып туристер қабылдауы мүмкін.
Египет тұрғындарының жағдайы 2000 жылдан бері күрт нашарлап кетті. Мұнда соңғы 3 айдың өзінде 162 мың адам жұмыссыз қалған.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: virtune.ru