- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Егер Жер тегіс...
Егер Жер тегіс болса, біздің әлем қандай болар еді?
Соңғы жылдары «Тегіс Жер» ұғымы өзекті тақырыптың біріне айналды. Үстіміздегі жылы аэроғарыш агенттігіне күмәнданып, Жердің ғарыштан түсірілген шар тәріздес суретіне сенбеушілік танытқан адамдар тобы қалыптасты дегенге сену өте қиын. Кей жеке тұлғалардың сөзінше, ешқандай ғарыш жоқ, болуы да мүмкін емес. Өйткені, біздің планета аспан кеңістігімен тегіс жабылған.
Ғалымдар бұл ұғымды осыдан жүздеген жыл бұрын жоққа шығарды. Оның жақтастарының келтірген дәлелдеріне сүйенер болсақ, бұл ойдың ақылға қонымсыз екенін байқауға болады. Алайда, біздің айтатынымз бұл емес. Жер шынымен тегіс болса, біздің әлем қандай болар еді?
Гравитация бізді үнемі солтүстікке тартып тұрады
Егер де сіз гравитация үнемі бізді төменге қарай тартып тұрады десеңіз, қателесесіз. Ол бізді жердің ортасына тартады. Гравитация күші барлығын бір орталыққа тартқандықтан, жердің басқа бір бөлігіне құлап кетпеуіміз сондықтан.
Жер дөңгелек болғанда, бұл өте қолайлы еді. Егер ғаламшарымыз тегіс болса, тартылыс күші басқаша жұмыс істейді. Тегіс жер ұзын әрі жіңішке болар еді. Ал, оның орталығы Солтүстік полюс жақта орналасуы мүмкін. Өйткені, тегіс жердің орталығы сол жақ болады.
Бұл – жердегі барлық нәрсе өте қатты Солтүстік полюске қарай тартылып тұрады деген сөз. Сіз одан алыстаған сайын, тартылыс күші сізді сол жаққа қайта тартып тұрады. Бұған ешбір құбылыс қарсы тұра алмайды: өзендер арнасынан асып, барлық ағаштар мен өсімдіктер диагональ бойынша өсер еді. Ал адамдарды Арктиканың ортасындағы үлкен шар тартып әкететін еді.
Күн Жерді күйдіреді
Гравитация мәселесін қандай да бір жолмен шештік деп есептейік. Бәлкім, арнайы аяқ киім ойлап табылар? Бәлкім, шын мәнісінде «Тегіс жер» пікірін жақтаушылардың сөзі рас болып, ешқандай тартылыс күші болмаған да шығар. Солтүстік полюске тартылмасақ та, біз магниттік өрісті жоғалтар едік.
Магниттік өріс бізді және планетанымызды ғарыштық сәулелену мен күн радиациясынан қорғайды. Бұл ғаламшарымыз айналып тұрғанда, жүзеге асатын құбылыс еді. Егер Жер өз осімен айналуын тоқтатса, магниттік өріс те жоғалады. Оның соңынан адамзаттың да ілесуі мүмкін.
Бұған бірінші себеп, ғарыштан үздіксіз келетін сәулелену мен радиация. Соның салдарынан Жердің озондық қабаты жойылып, ең маңызды саналатын атмосфера да біртіндеп жоғалар еді.
Магниттік өріс пен атмосфераның жойылуы бізді астероидтар мен метеориттерге қарсы қорғансыз етеді. Планетамыздың беткі қабаты ай сияқты болғанға дейін, бізге үнемі солардың ауыр соққысын алып отыруға тура келер еді.
Кез келген бағдарлау формалары өз жұмысын тоқтатады
Егер біздің ғаламшарымыз тегіс болса, қазір жасаған дүниеміздің біреуі де жұмыс істемеген болар еді.
Мантиясыз, ядросыз немесе солтүстік магниттік өріссіз компастың да қажеті болмайды. Күрделі мәселелер тек адамдарда ғана емес, жануарларда да туындайды. Магниттік өрісті бағытқа алып ұшатын құстар қай жаққа қарай ұшарларын да білмейтін болар еді.
Одан бөлек, жұлдыз арқылы да бағдарлау мүмкін болмайды. Біз үшін олар тек бір ғана орында тұрады. Сондай-ақ, Солтүстік жарты шар мен Оңтүстік жарты шарда жұлдызды аспан бірдей болар еді.
Алайда істен шыққан GPS жүйелер адамдарға қарсы жұмыс істеп, олардың өлуіне себепші болады. Аспаннан біздің басымызға спутниктер құлауы мүмкін (дәл қазір олардың саны 1300). Олар GPS бағдарынсыз орбитада тұра алмайды.
Біз өте алыстан көре алатын боламыз
Бірақ біздің тегіс ғаламшарымыздың да өз пайдасы болар еді. Солардың бірі біздің өте алыс қашықтықты көре алуымыз. Дәл қазір біз мұндай қабілетке ие бола алмаймыз. Өйткені, 5 километрден кейін жер қисық тарта бастайды.
Тектоникалық тақталардың қозғалысы тоқтайды
Ғалымдардың пікірінше, тектоникалық тақталар шар тәріздес ғаламшарымыздың нәтижесінде пайда болған. Егер планетаның бір жағындағы тақталар қозғалса, ол екінші жақтағы қозғалысқа әсер етеді. Жер тегіс болғанда, сөзсіз, бұл құбылыс тоқтар еді.
Тектоникалық тақталардың тегіс жерде қозғалуы белгісіз. Егер олар қозғалмайтын болса, жер бедері де, тау да, жазықтар да болмайды. Ал мұхит су толы тегіс бассейн ретінде ғана болар еді.
Бедерді әу баста-ақ ойлап табылды десек, вулкандар жайлы анық ештеңе айта алмаймыз. Олар біздің ғаламшарымыз үшін өте маңызды. Жердегі оттегінің болуы да соған байланысты.
Антарктиканы қиып өту мүмкін емес болады
Тегіс жердің моделіне сәйкес, су ағып кетпес үшін Антарктика біздің планетамызды мұз қабырғаларымен қоршап жатыр. Мұндай жағдайда ешкім Антарктика жеріне аяқ баса алмаушы еді. Алайда, тарих беттерінен ол жаққа табаны тиген талайларды білеміз.
Егер тектононикалық тақталар әлі де қозғалыста болса, қабырғалардың арасында жарықшалар пайда болар еді. Бұл судың ағуына әкеп соғады.
Жыл мезгілдері болмас еді
Тегіс жерде ешқандай маусым болмайды. Үнемі жаз болып тұрады. Біздегі жыл мезгілдерінің ауысуы жер осінің бейімділігіне байланысты. Егер Солтүстік жарты шарда жаз болса, Оңтүстік жарты шарда керісінше қыс болады. Алайда, Солтүстік полюс жердің орталығы болғандықтан, ғаламшарда тек бір ғана маусым болады.
Ғаламшарда бір ғана мезгіл болса, барлық жерде климат та бірдей болар еді. Бұл өз кезегінде көптеген микробтар мне вирустардың пайда болуына әкеп соғады. Ғаламшардың әр бұрышында пайда болған ауру өте тез жылдамдықпен басқа аймақтарға таралады.
Жаңбыр жаумайды
Егер жер тегіс болса, жел тек екі бағытта ғана соғар еді: батысқа және шығысқа. Бұл құбылыс жаһандық климаттық апатқа әкеп соғады.
Кориолис күші істен шығып, Жерде тек дауылдар ғана емес, жаңбырдың жаууы да тоқтар еді. Ғаламшардың барлық жерінде құрғақшылық болады. Бәлкім, жағалауларда жағдай сәл басқаша болар. Бірақ қалған жердің барлығы тіршіліксіз құр далаға айналады.
Біз Күнге құлайтын едік
Егер Жер тегіс болса, ол Күнге құлар еді. Мұның басты себебі: Жердің өз осін айнала алмауы мен тартылыс күшінің болмауы. Тегіс Жердің классикалық моделіне сәйкес, ғаламшарымыз статикалық күшке ие болады. Егер Күн гравитациялық күшін сақтаса, Жер соған тартылып, Күнге құлайтын болады. Тегіс Жер концепциясын ұстанушылардың пікірінше, тартылыс күші мүлдем жоқ. Ал Күн – Жерден 6400 км қашықтықта орналасқан үлкен, жарық жұлдыз.
Бұл әлемдегі ең үлкен тоқырау болар еді
Аталмыш ұғымды қолдайтындардың сөзінше, бұл тақырыпты NASA ойлап тапқан. Егер бұл шынымен осылай болатын болса, аталмыш мәселе ауқымдырақ қаралатын еді. Бұл – тек Антарктикаға барып келгендер ғана емес, ғарышпен байланысы барлар да осы пікірді қолдайды дегенді білдіреді.
Қазір бұл үндеуді қолдаушылардың санын дөп басып айту қиын. Алайда Айға ұшқан «Аполлон» бағдарламасына 400 000 адам қатыстырылған. Демек, олардың барлығы қолдаушылар қатарында болғаны ма? КСРО-ның ғарыштық бағдарламасына да көптеген адамдар қатысты. Олар да сол тізімге кіре ме?
Ғарыш тарихында талай адамдар мен топтар ғарышқа 800 түрлі аппараттар әкелген. Солардың ішінде картоннан фотографиялық зонд, GPS –трекер, 30 фунтқа камера жасап, 2012 жылы гелий шарын ғарышқа жіберген 19 жасар британдық-студент Адам Кедворт те болды. Оны да осы ұғымды қолданушылардың қатарына жатқызамыз ба?
Егер Жер шынымен тегіс болса, ғаламшарымызда тағы қандай өзгерістер орын алуы мүмкін..? Қызық сұрақ. Әлем таңғажайыпқа толы.
Дереккөз: likeme.kz