Адам ізденген сайын логикасы дамып, қол жетпейтін дүниелерге құмарта бастайды. Соның бірі егер айдың орнына өзге бір планета бізге көрінетін болса қалай болар екен деген сұрақ. Күнделікті тіршілігімізде көріп жүрген күн мен ай сан ғасырдан бері біздің әлемнің бір бөлшегі болып кетті. Әрқайсының өзіндік бір пайдасы бар. Кейде зардабын шегіп жатқан кездеріміз де жетерлік. Сәл қиялға беріліп көрейік. Түн ауған уақытта айдың орнына өзге планета бізге былай көрінеді екен.
Айдың көлемі бізге осылай көрінеді. Оның радиусы 1737 километр.
Меркурий планетасы айдың орнында осындай көрініс береді. Оның радиусы 2439 километр.
Көп зерттелген Марс планетасы түнде мынандай көрініс береді екен. Оның радиусы айдан едәуір үлкен. 3389 километрді құрайтын ғаламшар қызығылт түс береді.
Назарларыңызға келесі ретте Венера ғаламшарын ұсынамыз. 6051 километр радиусы бар планета өзінің атмосферасының арқасында түннің өзінде керемет жарық береді.
Егер аспаннан үлкен көгілдір шар байқасаңыз Нептун екенін біліп жүріңіз. 24 764 километр радиусы бар ғаламшар өзінің ерекшелігін бірден байқатады.
Мұзды алып саналатын уран ғаламшарының радиусы 25 559 километрді құрайды.
Күн жүйесіндегі ең әдемі ғаламшар сатурн болып есептелінеді. 60 268 километр радиусты құрайтын планетаның диаметрі 250 000 киломерді құрайды.
Ғаламдағы ең алып планета – Юпитер. 71 492 километр радиусты бар ғаламшар бізге көрінер болса едәуір үлкен болып көрінетін еді.