Дубайда қаланың көлеміндей сауда орталығы салынбақ (видео)

Дубай қаласы сан түрлі рекордтық жобалармен әлемді таңғалдыруды жалғастырады. Арабтар бұл жолы нені жоспарлап отыр?

Жаңа құрылыстық жоба көшелері салқындатқышпен жабдықталатын, 100-ден астам қонақ үй мен пәтер үйлері бар әлемдегі ең үлкен қала-сауда орталығы болады. «Mall of the World» («Әлемнің сауда орталығы») деп аталын ғажайып сауда орыны 4,5 миллион шаршы метр жерді қамтуды жоспарлап отыр. Ол жерде саудадан бөлек, демалыс орындары мен театрлар да салынатын болады.

Арабтардың әдеттегі рекордтық жобасы ауа-райының тым ыстығына қарамастан, Дубай қаласын жыл – он екі ай туристік мекенге айналдыру мақсатында жасалынып жатқан бірнеше жобалардың бірі. «Қаланың ішіндегі қала» болатын жаңа сауда орталығының ауа-райы толық бақылауға алынатын болады. Қалада +50С ыстық болған кезде де, сауда орталығы ылғалды температураны ұстап тұра алатын болады. Ол қалай дейсіз бе? Сәулетшілер сауда орталығын толық шыны күмбезбен жауып тастайды екен. Қыстың салқын мезгілінде әйнек ашылып тасталынып, жазға келгенде қайта жабылатын болады.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/p-lUp9sUFZw","width":"450","height":"338"});

«Бұл Дубайды әлемнің мәдени, туристік және экономикалық орталығына айналдырудың келесі қадамы болып табылады. Қаланың сыйымдылығы 2 миллион тұрғын болады. Егер туристер көптеп келе түссе, біздің екінші жоспардағы ұсыныстарымыз да жоқ емес», - дейді БАӘ вице-президенті Мохаммад Бен Рашид Аль-Мактум.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: flashydubai.com