- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Дубайда жүзетін вилла...
Дубайда жүзетін вилла салынып жатыр
Күллі әлемді тамсандырып келе жатқан Дубай қаласын бәріміз де жақсы білеміз. Тіпті ол жаққа жолымыз түспесе де, барып келген адамдардың аузынан естіп, суреттерін көріп, таң қалып отырамыз. Өйткені аспанмен тілдескен ғимараттар, алыстан көздің жауын алатын қонақ үйлер, бір сөзбен айтқанда архитектуралық туындылар келген қонаққа ұмытылмас әсер қалдыратыны анық. Ал бүгінгі таңда туристік ортаға айналған тамаша қалада жүзетін вилла салынып жатыр.
Көпшіліктің көңілінен шыққан бұл кешен 42 вилладан тұрады деп жоспарланып отыр. Әр вилла 3 қабаттан құралады. Оның екеуі су деңгейінен жоғары болса, біреуі су астында орналасады. Жоғарғы қабат - демалыс орны. Ол жерде жеңіл тамақтанатын шағын мейрамхана, сонымен қатар себезгісі бар ванна және мөлдір шыныдан жасалған джакузи салынады. Ортаңғы қабат ас үйге арналған. Теңізден соққан самал жел мен таңғажайып табиғат аясын тамашалап түскі ас ішуге болады. Ал жатын бөлме су астындағы төменгі қабатта. Алғашқы жүзгіш виллаларды 2016 жылдың аяқ жағында көре аласыздар. Ал қазір біз сіздерге керемет кешеннің бір топ суретін ұсынамыз.
Ж. Исакаев