Дубайдағы Бурдж Халифа (Burj Khalifa), Бурдж Әл-Араб (Burj Al Arab), Cayan Tower сынды аспанмен таласқан ғимараттар жақында ешкімге қызық болмай қалады. Себебі шейхтер жаңа Дубай-сквер жобасына 2 миллиард доллар жұмсамақшы. Дубай-крик-Харбор ауданындағы жаңа мега сауда орталығы 8 миллион шаршы фут аумағымен мақтана алады. Ол Dubai Mall-дан екі есе үлкен болады. Бірінші қабатта танымал адамдармен кездесу, концерт пен театр қойылымдары сахналанып, барлық іс-шаралар 3D кескінімен безендіріледі. Бұл жерде сонымен бірге кинотеатр, аквапарк, спорт алаңдары, супермаркеттер орналасады. Сарапшылар жаңа сауда орталығының болашағы зор деп есептейді. Себебі БАӘ астанасында 2020 жылы халықаралық EXPO-2020 көрмесі болады.