Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Дубай қаласы бүгінде әлемде сәні мен салтанаты жарасқан таңғажайып қалалардың бірі. Жыл сайын оған бірнеше мыңдаған туристер демалуға барады. Дубай қонақүйлер мен биік ғимараттар жағынан алдыңғы орында. Біз бүгін осы бір тамаша қала жайлы деректер топтамасын ұсынамыз.
1. Дубайда жол ережесін бұзған адамға 800 $ айыппұл салынады.
2. Қоғамдық көліктерде әйелдер мен ерлер бөлек жүреді. Тіпті олардың метро вагондары да, автобустары мен таксилері де бөлек.
3. БАӘ метроларының жүргізушісі жоқ, ол автоматты түрде басқарылады. Барлық транспорттарда жол ақысы бірыңғай көлік картасымен төленеді.
4. Мұнда тұратын әрбір адам бай бола алады. Дубай тұрғындары жеке табыс салығын төлемейді.
5. Дубай әр күн сайын ажарлана түсуде. Әлемдегі ең үлкен ғимараттар мен қонақүйлер осында орналасқан. Сол себепті де әлемдегі барлық крандардың 20%-ы Дубайда.
6. Дубай тұрғындарының құрамы таңғаларлық. Қала тұрғындарының жартысы – үндістер. Олар Әмірліктегі халық санының 17%-ын құрайды. Қалған бөлігін әр түрлі себеппен келген келімсектер құрайды.
7. Әлемдегң ең үлкен ғимарат бұл – Бурдж-Халифа. Ғимараттың құрылысы 1994 жылы қолға алынып, 1999 жылдың 1 желтоқсанында пайдалануға берілді. Оны 2010 жылы 4 қаңтарда Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашед Әл Мақтұм салтанатты жағдайда ашты.
8. Дүние жүзіндегі ең ірі аэропорттардың бірі-Аль-Мактум (Al Maktoum), Дубайда орналасқан.
9. Егер Дубайда ұл бала туылса,келесі күні үкімет оған $50 000 береді.
10. Әдетте қонақүйлер 5 жұлдызды болса, Дубайдағы Burj Al Arab қонақүйі 7 жұлдызды. Ол әлемдегі ең биік төртінші қонақүй.