- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Дос болсаң дельфиндей...
Дос болсаң дельфиндей бол!
Осыған дейін дельфиндердің бір-бірін атымен атап шақыратындығы жайында жазған едік, енді олардың ерекше есте сақтау қабілетіне тоқталамыз.
Сүтқоректілердің бұл түрі ұзақ жылдар бойы көрмеген туыстарын естеріне жылдам түсіреді. Тек түсіріп қоймай, бірден есімдерімен шақырады екен. Мұндайға сүтқоректілердің ішінен дельфиндер мен адамдардың қабілеті ғана жетеді.
Джейсон Брук (Dr Jason Bruck) арасында ұрғашы, еркек, баласы араласқан 53 дельфинді таңдап алып арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Зерттеу барысында дельфиндердің ысқырықтардан құралған "әңгімелері" таспаға жазылып, бақылауға алынды.
Кейін бір-біріне серік тапсын деген мақсатпен бір жерде ұстап, бауыр басып қалған сәттерін пайдаланып бір-бірінен ажыратып жіберген. Біраз уақыт өткен соң достарының ертеректе таспаға жазылған дауыстарын тыңдатып, қандай жауап қайтаратындарын күткен: олар бөтен дауысқа мүлдем мән бермей, таныс ысқырықты ести салысымен жан-жаққа жалтақтап іздейтін болған.
Дәл осындай тәжірибелердің бірінде афалиндік ұрғашы дельфин өз құрбысын 20 жыл 6 айдан кейін де танып қойған. Бруктың айтуынша, дельфиндер бір-бірін ұзақ жылдар бойы есте сақтап, тіпті өмір бойы ұмытпайды екен.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rudaki.ru
Қ. Бүйенбай