АҚШ «Бірлік» ақпарат агенттігінің 18 ақпан күнгі хабарына сенсек, «Уикиликс» сайтының құрушысы Джулиан Ассанж Аустралия Федерациясының кеңес палатасы сайламына қатысып, Англия мен АҚШ-тан келетін қауіптен арылуды жоспарлауда екен.
Эквадор Англиядағы елшілігін паналап жүрген Ассанж бұл туралы «Сұхбат» атты порталда жариялаған. Естеріңізде болса, әлем саясатының, алпауыт елдердің құпияларын, белді тұлғалардың жасырын өмірі жайлы ақпараттарды таратумен аты шыққан «Уикиликстің» жетекшісі былтыр көктемде Эквадор елшілігіне бой тасалап, сотталудан аман қалған болатын.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: sciencemagic.ru