- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Джулиан Ассанж енді...
Джулиан Ассанж енді өз бағын саясатта сынамақшы
АҚШ «Бірлік» ақпарат агенттігінің 18 ақпан күнгі хабарына сенсек, «Уикиликс» сайтының құрушысы Джулиан Ассанж Аустралия Федерациясының кеңес палатасы сайламына қатысып, Англия мен АҚШ-тан келетін қауіптен арылуды жоспарлауда екен.
Эквадор Англиядағы елшілігін паналап жүрген Ассанж бұл туралы «Сұхбат» атты порталда жариялаған. Естеріңізде болса, әлем саясатының, алпауыт елдердің құпияларын, белді тұлғалардың жасырын өмірі жайлы ақпараттарды таратумен аты шыққан «Уикиликстің» жетекшісі былтыр көктемде Эквадор елшілігіне бой тасалап, сотталудан аман қалған болатын.
Джулианның ғаламторда жарияланған мақаласында: «Егер 24 қыркүйек өткізілетін Аустралияның кеңес палата сайлауында жеңіске жетсем, АҚШ дипломатиялық келіспеушіліктердің туылуынан сақтанып, маған жасырын қастандық әрекеттерін тоқтатады. Англия да АҚШ-тың соңынан ереді. Егер олай істемесе, қазіргі саяси аумалы-төкпелілік тіпті де шиеленісе түседі» деген.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: sciencemagic.ru
M. Auelkhan