Джим мен Джимбоның достығы

Джим мен Джимбоның достығы
Фото: pulson.ru

Нью Йорк қаласында миллиондаған адаммен қатар 680 келі болатын Джимбо есімді аю да мекендейді. 23 жылдан артық Джим әулетінде өмір сүрген жыртқыш жануар бүгінгі таңда отағасы мен оның жұбайына ерке баласы атанып кеткен екен. Джимбодан бөлек бұл отбасында тағы да басқа 10 аю өмір сүреді. Ұзақ уақыттан бері жануарларды қорғау орталығын пана қылған жыртқыштардың қызметкерлерге төндірген қауіпі әлі күнге дейін көрінбеген екен. Аюларға әбден бауыр басып қалған орталық мамандары осында келіп алыптармен ойнап бой сергітеді екен. Бірақ, жұмысшылар бәрі керемет болғанымен қауіпсіздік ережелерін де қатаң сақтайды.  Себебі, "бөріні қанша қолға үйретсең де, орманға қарап ұлыйды" дегендей бір күні шабуыл жасауы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Ал қазір, Джим мен Джимбоның тамаша демалысын көріп ләззат алыңыздар. 

Аюдың құшағында. 

Еркелеткенді кім жек көрсін. 

Кімнің бойы ұзын?

Фотоға осылай түсу керек.

Мына суда балық жоқ екен.

Әкел бетті.

Бұл тырнақ не көрмеді.

Джим, қайда барамыз?

B. ZHAQSYMBET