- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Джаботикаба – ағаш-жүзім...
Джаботикаба – ағаш-жүзім
Джаботикаба (лат. Myrciaria caulifloria, порт. jaboticaba, ағылш. Brazilian Grape Tree - тропикалық ендікте өсетін Мирта тұқымдасына жататын жемісті өсімдік. Бұл ағаштың жемісі дәл сабағына және басты бұтақтарына өседі. Әйткенмен бұл жемісті ағаштың келбеті сырт көзге аса әдемі көріне қоймайды.
Джаботикаба — биіктігі 5-12 метрді құрайтын үнемі жасыл түсті жай өсетін жұмыр-ленцет тәрізді ағаш. Ағаштың жылтыр көн сияқты жапырағының ұзындығы 2,5—10 см, ал көлденеңінен 1,25—2 см-ді құрайды. Төрт жапырақты ақ гүлдерінің аталығы – 60. Әрқайсысы 4 милиметрді құрайды.
Жемістерінің пішіні домалақ немесе элипстік болып келеді. Ал түсі жылтыр және қара-күрең.
Жемістер ағаштың діңі мен басты бұтақтарында ғана өседі. Бұл құбылыс – каулифлория деп аталады. Каулифлория – жемістердің жеке-жеке бұтақтарында емес, ағаш діңі мен басты сабақтарында өсіп пісуі.
Джаботикаба Оңтүстік Бразилияның, Боливияның, Парагвайдың және Солтүстік Аргентинаның өсімдік шаршуашылығында да, жабайы табиғатында да кездеседі. Ал дәл қазір бұл ағаш Уругвайда, Колумбияда, Панамада, Перуде, Кубада және Филиппинде өсіріледі.
Джаботикаба жемісінің жұмсақ етін піскен күйінде жеуге жарайды. Жергілікті тұрғындар жемістен сілікпе, мармелад, шырындар және алкогольды сусындар жасайды.
Жемістің кептірілген қағынан жасалған қайнатпаны Бразилия тұрғындары демікпеге және дизентерияға қарсы ем ретінде де қолданады.
Сонымен қатар, Бразилияда джаботикаба жемісінен қызыл шарап жасайды. Құрамында көп мөлшерде танин болғандықтан, жемістің қабығы ащы болады. Сондықтан оны сілікпеге және шарапқа қызыл түсін айқындау үшін пайдаланады.
Джаботикаба тек Бразилия мен Оңтүстік Американың кей өңірлерінде ғана арнайы кәсіп пен қомақты қаражат үшін өсіріледі. Өйткені жәй өсетін ағаш көбіне өзіне салынған ақшаны ақтай алмайды. Көбі бұл кәсіпті өзіне жолдас тұта алмай санын соғып қалған болатын. Ағаш ерекше күтім мен төзімділікті керек етеді. Онымен қоса оның жемісі көпке шыдамайды.
Джаботикаба жемісінің пісу маусымында қала көшелеріне бойында күңгірт-қара түсті жеміс толы қаптарын тізіп қойған көше сатушылары жайғасады.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: billionnews.ru
А. Әбілхан