Дипломның қандай пайдасы бар деген сұрақ студенттерді мазалауы мүмкін. Ендеше жоғары білім алудың басты пайдасын атап өтейік. Олар дипломсыз адамға қарағанда ұзақ өмір сүретіні анықталған. Оған себеп білімді адамдар уайым, күйзеліс, диабет пен жүрек ауруларынан екі есе аз зардап шегеді.
2012 зерттеушілер жоғары білімсіз америкалықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 73,5 жас болса, дипломы барлар – 83,9 жасқа дейін өмір сүрген.
Аяқталған орта білім адамның ұзақ өмір сүруіне айтарлықтай әсер етеді. Америкалық экономист Адриана Ллерас-Муни зерттеу барысында штатта жүрген 1915 пен 1938 жылдар арасындағы орта білім ережелеріндегі өзгеріс оқушыларға айтарлықтай әсер еткен. Әрбір қосымша оқу жылы 35 жастан кейін адамның өмір сүруін екі жылға ұлғайтқан.
Зерттеу бойынша олардың өмір жасына әсер еткен білімге деген махаббат емес, еңбек нарығындағы қиындықтар мен олардың өмір салтының өзгеруі. Одан бөлек, жоғары білім алған адамдар табыс табу мүмкіндігі жоғары, олар өздерін сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ете алады.
Дипломмен байланыс жұмыс деңгейі t адамның денсаулығына әсер етеді. 1978 жылы зерттеушілер ағылшын шенеуніктері жүректің ишемиялық ауруының туындау ықтималдылығы аз болғандықтан, ұзақ жасайтыны анықталған. Төменгі шенді қызметкерлере керісінше жоғары қан қысымы, қант диабетіне жиі шалдыққан. Оның үстіне олардың арасында темекі тартатындар жиі кездескен.