- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Динозаврлардың жойылуына себеп...
Динозаврлардың жойылуына себеп болған астероид жайлы
Осыдан 65 миллион жыл бұрын құлаған алпауыт астероид Жер бетінде 130 метрлік болатын тау жынысы балқыған. Артынша он шақты метрді құрайтын цунами көтеріліп, толқын жолындағының бәрін жалмап өтті. Нәтижесінде атмосфераға үлкен күйік бұлты түзіліп, күннің сәулесін жауып қалған. Осының салдарынан Жер бетінде жарты жылға созылған қараңғылық болып, қышқыл жауын-шашын жауған. Ғалымдардың пікірінше, климаттың өзгеруі динозаврлардың Жер бетінен жоюылуына себеп болды. Дегенмен ғалымдар әлі күнге дейін бұл теориямен толыққанды келісе алмай келеді.
Астероид жануарлардың жаппай қырылудың себебі ретінде
Жануарлар әп-сәтте қырыла салмайтыны анық. Бұл бірнеше мың жылға созылатын процесс. Ал аспан денелері Жерге жиі құлайтыны заңдылық. Дегенмен олардың көлемі өте кішкентай болып келеді. Әзірге адамзат өркениетіне үлкен залал әкелетіндей астероид құламаған. Бірақ ғалымдар күндердің бір күні Жерге алпауыт астероидтың құлайтынына сенімді.
Егер диаметрі 15 шақырымды құрайтын аспан денесі құлайтын болса зардабы орасан зор болады. Оның жойқындылығы Күннің көзін жүз жылға дейін тұмшалайтын шаң көтеруге жетеді.
Техас университеті ғалымдарының бұл зерттеуі 2016 жылы Мексикада табылған астероид қалдықтарынан кейін басталды. Мексиканың Юкатан жартылай аралының жағалауында Чиксулуб кратерінде астероид қалдықтары анықталған болатын. Кратердің диаметрі 180 метрді құраса, тереңді 20 метр.
Бұл аумаққа осыдан шамамен 65 миллион жыл бұрын 10 шақырымды құрайтын астероид құлаған. Ғалымдардың айтуынша, астероидтың күштілігі кіші дүниежүзілік соғыс кезінде қолданыста болған атом бомбасының 10 миллион данасының қуаттылығына тең. Астероид Жерге соқтығысқанннан соң 325 миллиард тонна күкірт ауаға таралған. Салдарынан Жер бетіндегі тіршіліктің 75 пайызы жойылған.
Жанартау теориясы
Ғалымдар алып астероид құлағаннан соң қазіргі Үндістан жеріндегі жанартаулар оянып, 1,5 миллион жыл тоқтамай атқылаған. Деканн қақпанындағы базальт лавасының мөлшері көп болған соншалық ол Қара теңізді екі мәрте толтырып тастайтын еді.
Динозаврлар астероидтың құлауынан жойылғанына сенбейтіндер осы жанартау теориясын құптайды. Ғалымдар Мексика мен Үндістандағы жанартаулардың атқылауынан пайда болған газдар динозаврлардың жойылуына әкеп соқтырды деген болжамды да алға тартады. Оның үстіне сол бір газдар бор кезеңінде 400 мың жыл бойы Жердегі ауа температурасының жылуына себеп болған.