- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Динозаврларды жойған астероидтың...
Динозаврларды жойған астероидтың күштілігі қандай болған?
Ғалымдар динозаврлардың Жер бетінен жойылып кетуіне себеп болған астероид туралы жаңа деректер анықталды.
Техас университеті ғалымдарының бұл зерттеуі 2016 жылы Мексикада табылған астероид қалдықтарынан кейін басталды. Мексиканың Юкатан жартылай аралының жағалауында Чиксулуб кратерінде астероид қалдықтары анықталған болатын. Кратердің диаметрі 180 метрді құраса, тереңді 20 метр.
Бұл аумаққа осыдан шамамен 65 миллион жыл бұрын 10 шақырымды құрайтын астероид құлаған. Ғалымдардың айтуынша, астероидтың күштілігі кінші дүниежүзілік соғыс кезінде қолданыста болған атом бомбасының 10 миллион данасының қуаттылығына тең. Астероид Жерге соқтығысқанннан соң 325 миллиард тонна күкірт ауаға таралған. Салдарынан Жер бетіндегі тіршіліктің 75 пайызы жойылған.
Сараптама нәтижесінде мынадай деректер белгілі болды. Алпауыт астероид Жер бетіне құлағаннан соң кратерде 130 метрлік болатын тау жынысы балқыған. Артынша он шақты метрді құрайтын цунами көтеріліп, толқын жолындағының бәрін жалмап кеткен. Нәтижесінде атмосфераға үлкен күйік бұлты түзіліп, күннің сәулесін жауып қалған. Осының салдарынан Жер бетінде жарты жылға созылған қараңғылық болып, қышқыл жауын-шашын жауған. Ғалымдардың пікірінше, климаттың өзгеруі динозаврлардың Жер бетінен жоюылуына себеп болды.
А. Рысдәулет