- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Динозаврлар Жер бетінен...
Динозаврлар Жер бетінен жойылып кетуіне не себеп болды
Ғалымдар динозаврлардың Жер бетінен жойылып кетуіне себеп болған астероид құлаған аумақты зерттеген.
Палеонтологтар динозаврлардың өмір сүруінің соңғы сағаттарының хронологиясын жасап шыққан. Ғалымдар Мексиканың Юкатан жартылай аралында осыдан 65 миллион жыл бұрын құлаған 10 шақырымды құрайтын астероид қалдырған Чиксулуб кратерін зерттеген. Кратердің диаметрі 180 метрді құраса, тереңді 20 метр.
Зерттеуге қажетті үлгілерді алу үшін ғалымдар Мексика шығанағында 450 метр тереңдікке арнайы техниканы қондырып, бір шақырымға жуық мұхит түбін қазған. Үлгі ретінде алынған тау жынысы астероидтың Жерге құламай тұрғанда не болғанын анықтауға мүмкіндік берген. Ғалымдар тау жынысында әлі күнге алпауыт өрттің ізі бар екенін мәлімдеді.
Сараптама нәтижесінде мынадай деректер белгілі болды. Алпауыт астероид Жер бетіне құлағаннан соң кратерде 130 метрлік болатын тау жынысы балқыған. Артынша он шақты метрді құрайтын цунами көтеріліп, толқын жолындағының бәрін жалмап кеткен. Нәтижесінде атмосфераға үлкен күйік бұлты түзіліп, күннің сәулесін жауып қалған. Осының салдарынан Жер бетінде жарты жылға созылған қараңғылық болып, қышқыл жауын-шашын жауған. Ғалымдардың пікірінше, климаттың өзгеруі динозаврлардың Жер бетінен жоюылуына себеп болды.
Бұған дейін канадалық ғалымдар Арктикадағы Виктория аралынан диаметрі 25 шақырым болатын кратерді зерттеп, динозаврлардың қалайша Жер бетінен жойылып кеткені туралы өз болжамын ұсынған еді. Ғалымдардың айтуынша, бұл кратер жер бетіне жауған метеорлық жауынның себебінен пайда болған. Бұл оқиға жердегі климаттың өзгеруіне себеп болыпты. Осының әсерінен Арктикада мекен еткен динозаврлар түгелдей қырылып, жет бетінен жойылып кеткен екен. Зерттеушілер сөз етіп отырған оқиға шамамен 150-350 миллион жыл бұрын болған.
А. Рысдәулет