Аргентинаның Санта-Терезита аймағындағы жағажайда демалушылар дельфиннің баласын өлтіріп алды. Олар жағажайға шығып қалған балықты оны суға жіберудің орнына бір-бірінің қолынан алып жапатармағай суретке түскен.
Сирек кездесетін дельфиннің баласымен «селфи» жасаушылардың саны көп болған. Нәтижесінде сүтқоректі су жануарының ыстықтан үсті кеуіп, өліп қалған. Ал демалушылар сонда да суретке түсуін жалғастыра берген.
Жергілікті жануарларды қорғау ұйымы қызметкерлерінің айтуынша, бұл дельфиндер көбіне Ла-Плат өзенінде кездеседі екен. Сондай-ақ, Аргентина, Бразилия мен Уругвай аймағында ғана тіршілік ететін сирек киттәрізділер санатына кіреді екен. Мамандар бұл дельфиндер терісі қалың болғандықтан, құрғақта көп бола алмайтынын мәлімдеп отыр.