Дельфин адамнан қалай көмек сұрады? (видео)

Біз білетін оқиғаларда әдетте адамдар жануарларды өлім аузынан құтқарып қалып жатушы еді, ал жануардың адамға өзі көмек сұрап баруы – күн сайын қайталана бермейтін жайт. 

Бірде дайверлер Гавай аралына түнгі уақытта сүңгіп түседі. Су астынан табылғаннан бірнеше минут өтер-өтпесте жандарынан айналшықтап жүрген дельфинді көріп, әлгі мақұлықтың көмек сұрап жатқанын аңғарады. Ақыры, мұқият зер салған дайвердің бірі су мақұлығының ерек қылыққа баруының себебін түсініп үлгерген. Дельфиннің денесі қармақ бауына шырматылып қалған және жүзуіне сонысы кедергі келтіріп келіпті.

Қармақ бауын кесіп, қолдан келер көмектерін жасап болған дайверлер мақұлықты өз бетімен қоя берген. 

Дельфиннің адамнан көмек сұрауы бұл тұста бір ғана болжамды туғызады, ол – осы бір теңіз тіршілік иесінің жоғары интеллектілі екені. Көпшілік жарақат алған жануарлар мұндай жағдайда долыланып, барынша қорғанып қалуға тырысып жататын еді. 

Қуанышқа орай, дайверлердің су астында түсірер өз бейнекамералары болған. Дер кезінде бейнетаспаға түсіріп үлгеріпті.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/2gvgkHSyKFE","width":"450","height":"338"});

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: rolemax.ru