- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- "Даулы көйлек" бәссаудада...
"Даулы көйлек" бәссаудада 2 мың долларға сатылды
Roman Originals компаниясының ғаламторға келушілерді екі жаққа бөліп, пікір таластырған атышулы көйлегі бәссаудада 1356 фунт стерлингке сатылды, деп жазады 24.kz.
Бұл шамамен 2 мың АҚШ долларына тең келетін сома. Көйлектің бастапқы ақ және алтын іспеттес сары түсті нұсқасын бәссаудаға шығарылған бойда чехиялық бизнесмен әйеліне сыйлау үшін сатып алған. Бір қызығы, оның көкшіл күңгірт түстен тігілген түрін Бирмингемдегі тігін фирмасы шығарып, ғаламторға суретін жариялаған. Сол сәттен бастап, желіге кірушілер жік-жікке бөлініп, оның түсі талайлардың таласын тудырған еді.
Сурет: rutracker.info
Ұқсас жазбалар:
Н. Айдархан