Дат CEBRA архитектуралық студиясы әлемдегі ең үлкен шатыр астындағы шаңғы тебу кешенінің жобасын ұсынды. Кешен бір-бірін қиып өтетін үш бірдей үлкен арқалықтан тұрады. Кешен Данияның Рандерс атты қаласында бой көтермек. Skidome Denmark деп аталған жоба шаңғы туризміне негізделген Danski туристік агенттігінің тапсырмасымен салынатын болады.
Әр арқалық Гуденаа өзенінің үстінен 700 метр ұзындықта орналасып, биіктігі 110 метрді құрайды. Қазіргі таңдағы әлемдегі ең үлкен шатыр астындағы кешен Ski Dubai деп аталады. Ол БАӘ-де орналасқан. Оның ауданы 22,5 мың шаршы метр. Ал Skidome Denmark ауданы одан үш есе үлкен (70 мың шаршы метр).
Әлемнің басқа кешендеріне қарағанда, Даниядағы шаңғы тебу кешені үлкен терезелермен жабдықталып, шаңғышыларға айналаның тамаша көрінісін тамашалауға мүмкіндік береді.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezyaka.com