Чилиде 40 жылдан астам ұйқыда жатқан Кальбуко жанартауы атқылап, елде «қызыл» қауіп деңгейі жарияланды, - деп хабарлайды Bnews.kz.
Чили үкіметі кратерден 20 шақырым қашықтықтан жақын радиуста тұратын 1,5 мыңнан астам тұрғынды қауіпсіз аймаққа көшірді. Жанартау бірнеше мың метр биіктікке көтерілді. Атмосфераның ластануына байланысты жергілікті авиакомпаниялар жақын маңдағы әуежайдағы ұшақ рейстерінің барлығын тоқтатып тастады.