Бүгінгі күнде ең биік ғимарат — 2010 жылы Дубайда ашылған "Бурдж-Халифа". Құрылым ішінде қонақүй, ресторан, пәтерлер, мекемелер мен сауда үйлері шоғырланған.
Әлемдегі ең биік көру алаңы оның 148-ші қабатында 555 метр биіктікте орналасқан. Бастапқыда зәулім ғимараттың атауы "Бурдж-Халифа" емес, "Бурдж-Дубай" болатын. Алайда салтанатты ашылу рәсіміне аз уақыт қалғанда Дубай әмірлігінің билеушісі әлемдегі ең биік ғимаратты БАӘ президенті Халифа ибн Заиду Әл-Нахайянның құрметіне атады.
Осылайша бүгінгі күнде "Бурдж-Халифа" аталып жүрген ғимараттың әлемдегі ең биігі ретінде білсек те, оның биіктігі қанша метр және қанша қабат екенін көбіміз біле бермейміз. Ендеше есте сақтап алыңыз, "Бурдж-Халифаның" биіктігі 828 метрді құраса, қабат саны 163 екен.