«Verruckt» - әлемдегі ең биік сырғанағыш аттракцион. Ол Канзас-Сити қаласында орналасқан. Сырғанағыштың биіктігі – 51,38 метр. Бұл – аттракцион атақты Ниагара сарқырамасынан да биік деген сөз.
Құрылыс нысаны 264 сатыдан тұрады. Аттракционның ең биігіне шыққандар көтеріңкі көңіл-күй мен адреналинге қанығады. Салмағы шамамен 70 килограмм болатын адам сырғанаса, жылдамдық сағатына 110 километрге дейін жетеді.
Бұл қалаға жолыңыз түссе, бұл әйгілі сырғанағышқа міндетті түрде барыңыз!
Сурет: kansascity.com, nbcnews.com, traveli-35.com