- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Бұл көкөніс біз...
Бұл көкөніс біз ойлағандай өспейді
ХХІ ғасырдағы адамдар дүкендердегі азық-түліктерге дағдыланған, табиғат аясында олардың көпшілігін танымауы мүмкін. Қарапайым азықтардың дүкен сөрелеріне келместен бұрынғы көріністерін ұсынамыз.
Күріш
Күріш 10-12 °C температурада тікелей судан өніп өседі. Әлем халқының жартысы осы өсімдікпен тамақтанады. Жабайы күрішті есепке алмағанда, әлемде күріштің 7 мыңнан астам сұрыптары бар.
Күнжіт
Күнжіттің тағы бір атауы — сезам. «Әли Баба және қырық қарақшы» ертегісінде «Сим-сим, ашыл!» деген сиқырлы сөзде күнжіт туралы айтылған. Ертегінің авторы үңгірдің ашылу дыбысын піскен күнжіт тұқымы қауашағының жарылғандағы дыбысына теңеуге тырысты деген нұсқа бар.
Какао
Какао ағашының жылдық түсімінен (шамамен 30 жеміс) әрқайсысы 100 г болатын 4 шоколад дайындауға болады. Какао ағашы егілгеннен кейін 3-4 жылдан кейін ғана жеміс бере бастайды. Үгітілген какао-атбас бұршақтарынан, какао майы және қанттан үйде шоколад жасауға болады.
Қарақұмық
Көптеген Еуропа елдерінде және АҚШ-да қарақұмықты дүкендерден табу мүмкін емес. Оны түрік дәні деп атайды, көбінесе жануарларды қоректендіреді. ТМД елдерінде, Польшада, Қытайда, Кореяда, Жапонияда және Үндістанда қарақұмық — танымал өнім. Сонымен қатар қарақұмық өте пайдалы.
Брокколи
Алғаш рет брокколи туралы атақты Рим ғалымы Гай Плиний Секунд I ғасырда жазған. Ол бұл көкөністі «берекелі өсімдік» деп атады. Брокколидің құрамында адамға қажетті барлық дәрумендер бар, холестеринді төмендетеді, сұлулық кепілі және тіпті қатерлі ісік ауруынан қорғайды. Бұл қырыққабат Қытайда көп өсіріледі.
Ваниль
Ваниль — орхидеяның бір түрі. Осыған байланысты оны өсіру қиын. Бұл әлемдегі ең қымбат дәмдеуіштердің бірі. XIV ғасырда ацтектер ваниль шыбықтарын ақша ретінде қолданған. Ваниллин — бұл синтетикалық ванильді алмастырғыш, оның ванильге ешқандай қатысы жоқ. Ванильдің иісі бақыт гормоны деп аталатын серотониннің пайда болуына ықпал етеді.
Зімбір
Зімбір жад пен зейінді жақсартуға көмектеседі. Себебі ол мидың қан айналымын жақсартады, қан тамырларын нығайтады және қысымды төмендетеді. Бұл тамырды ұзақ уақытқа мұздатуға болады, мұздатылғанда ол өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтпайды.
Зығыр
Зығыр тұқымдарын кез-келген тағамда қолдануға болады, әсіресе ботқа мен салаттарда. Бактериялар зығырмен жанасудан өледі, сондықтан оны табиғи антисептик деп атайды. Зығырдан жасалған төсек жаймасында ұйықтау иммуноглобулин А деңгейін жоғарылатады.
Агар-агар
Агар-агар — желатинді алмастырғыш өсімдік. Ол қызыл және қоңыр балдырлардан алынады. Огонори — агар жасау үшін қолданылатын ең көп таралған қызыл балдырлар.
Запырангүл (шафран)
Запырангүл (шафран) — әлемдегі ең қымбат дәмдеуіш. 1 кг запырангүл (шафран) алу үшін 100 000 - 300 000 гүл жинау керек. Запырангүл керемет консервант. Запырангүл қосылып дайындалған тағамдарды ұзақ уақыт тоңазытқышта сақтамауға болады.