Бұл қандай заңдылық: Ең кедей елде әлемдегі ең қымбат тұрғын үй бар

Бұл қандай заңдылық: Ең кедей елде әлемдегі ең қымбат тұрғын үй бар
Фото: vk.com

Бұл қандай заңдылық десеңізші?! Халықтың басым бөлігі жоқшылықта күн кешіп жатқан Үндістанда әлемдегі ең қымбат тұрғын үй бар. Антилия – 27 қабатты тұрғын үй. Тұрғын үй Мумбайда, ол үнді бизнесмені Мукеш Амбани үшін салынған. Көлемі – 37 000 м², бұл –әлемдегі ең үлкен жекеменшік тұрғын үй. 

Тұрғын үй Антилия аралының құрметіне аталған, ғимаратты Чикагодан келген сәулетшілер Perkins & Will америкалық компаниясымен бірге салған. Құрылысты Leighton Holdings компаниясы бастағанымен, үйді аяқтаған – өзге компания.

Сонымен әлемдегі ең үлкен, ең қымбат тұрғын үйдің өзгешеліктерін айтып өтер болсақ, үй 8 баллдық жер сілкінісінде құламай тұра алады екен, 9 лифті бар, бірінші алты қабатында 168 көлікке автотұрақ қойылған. Жетінші қабатында жеке автокөлік қызметі, сегізінші қабатына 50 адамға арналған шағын театр, одан биік қабаттарда салон, бірнеше жүзу бассейні, аспалы бақ орналасқан. Ал одан биікте қонақтарды күтетін орындар мен Амбани әулетінің пәтері бар. Амбани анасымен, әйелімен және үш баласымен бірге осынау ғаламат мекенде өмір сүре алады. Мукеш Амбани Үндістандағы ең бай адам болып саналады. Тұрғын үйде үш тікұшақ қонатын орын мен ұшқыштарды басқаратын орталық та қоныс тепкен. 

Мукеш Амбани отбасымен 

Енді бәрін қызықтырып отырған сұраққа жауап берейік. Ол – тұрғын үйдің бағасы болса керек. Reliance Industries мәліметіне сүйенсек, Антилия ғимаратын салу үшін 50-70 млн доллар ақша кеткен. Ал дәл бүгінгі таңда Мумбайда жер құнының өскенін ескерсек, тұрғын үй түгелімен 1-2 миллиард долларға бағаланады. 

Әлемдегі ең қымбат тұрғын үй

Үйдің сырты да, іші де – тұнған салтанат 

Р. Роза