Жыл өткен сайын әлемде халық саны да артып кедеді. Сол себепті әр жердегі әртүрлі мәслее туындауы да заңды. Кей қалаларда бұл экологиялық апатқа әкелуі мүмкін. Бүгін әлемдегі ең лас қалалар қатарын ұсынамыз.
Бұл Африка мемлекетінің астанасында тұщы су мен қатаң санитарлық сақтау жетіспейді. Ауылдан қалаға келетін халық пен жалпы жергілікті халық саны тым көбейген. Сондықтан өндіріс орындарынан шығарылатын қалдықтар жер асты суларын ластайды. Өздері пайдаланатын ауыз суының құрамында көп мөлшерде хром бар.
Қырғызстанның оңтүстік аумағында орналасқан бұл қала негізінен шахтерлер мекені боп есептеледі. Бұл ғаламшарымыздағы аса ластанған қалалардың бірі. Кеңес дәуірінде бұл барлық алпауыт елдерден шығарылған радиоактивті қалдықтарды тастайтын қоқыс орны болған.
Мексика астанасында өмір сүру бір күнде екі қорап темекі тартумен тең екені дәлелденген. Алайда қазіргі кезде жағдай аздап жақсартылған. Бірақ өткен жүзжылдықтың аяғында Біріккен Ұлттар Ұйымы осы қаладан ұшып өткен құстар аман қалмайтынын ескерткен.
Бұл химиялық өндіріс орындарының орталығы. Сонымен қатар мұнда көлік жасау зауыттары жұмыс істейді, жөндеу жұмыстарының құралдары өндіріледі. Зауыттардан шығарылатын токсиндер саны күн санап артып келеді. Қызығы сол, бұл жердің тұрғындары туған қаласын экологиялық апатқа ұшырап жатқан жер деуге қимайды, мойындамайды.
Норильск ауыр металдарды өңдеп шығару жөнінен әлемдегі ең алып қала. Жылына 4 милионнан астам мыс, мырыш, қорғасын секілді ауыр металдар сыртқа шығарылады. Тұрғындар көптеген аурулардан зардап шегеді, ал өсімдік деген атымен жоқ. Бұл қалада өсетін жидектер мен саңырауқұлақтар улы саналады. Ауа күкірттің еселенген тотығына толы.
Бұл әлемдегі ең қорқынышты қалалардың бірі. Мұнда көмір өндіріледі. Мехикомен салыстырғанда мұнда бір күнде үш қорап темекі тауысып тастағандай күйде боласыз. Халықтың көпшілігі рау ауруына және басқа да созылмалы өкпе ауруларына шалдыққан. 4 миллион халқы бар бұл қаланың жағдайы аянышты. Биік ғимаратта тұрсаңыз, түтіннен қала ішінде не бар, не жоғы да көзге көрінбейді. Адамдар респиратормен (шаң-тозаңнан тыныс жолдарын сақтап тұратын құрал) жүреді, суды тек дүкеннен сатып алады. Құбырдағы су май секілді.