- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Бүгін зағип жандардың...
Бүгін зағип жандардың халықаралық күні
Тарих. Францияның Париж қаласында 1784 жылы «Еңбекқор зағип жандардың шеберханасы» деген атпен зағип жандарға арналған мектеп ашылған. Оны әйгілі ұстаз Валентин Гаюи (Valentin Hauy) мемлекеттің я бір қайырымдылық қорларының көмегінсіз, өз қаражатына ашқан екен. Ал бұл мектептің ең бірінші шәкірті шіркеу маңында қаңғып жүрген Франсуа де Лезюер есімді бала. Бұдан кейін мектепке Франсуамен қатарлас көшеден жиылған 11 бала келіп қосылған. Бұған дейін әлем зағиптарға арналған мектептер туралы ойламаған да. Гаюи өзінің ойлап тапқан «унциала» әдісімен балаларды оқытуды бастап кеткен кезде де талапты топтың алдында қаржы мәселесі деген үлкен проблема тұрған еді.
Валентин Гаюи мен оның бірінші шәкірті Франсуа де Лезюер
Бұл қиындыққа қарамай, жанашыр ұстаз зағиптарға арнап «унциал» рельефті-сызықты қаріппен жазылған кітап шығарады. Бұл кітап Брайльдің бұдан да пайдалырақ атақты кітабы шықпағанша кең қолданыста болған екен.
Кейінде Валентин Гаюи орыс императоры Александр І патшадан арнайы шақырту алып, 1806 жылы Санкт-Петербургке келеді. Ал 72 жасқа келген ұстазды орыс патшасы ерекше еңбегі үшін төртінші дәрежедегі қасиетті Георгий орденімен марапаттайды.
Ал осыдан кейін Денсаулық сақтау әлемдік ұйымы Валентин Гаюидың құрметіне «Зағиптардық халықаралық күнін» дәл осы 13 қарашада атап өтуді ұйғарыпты.
Санақ. Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 420 мың мүмкіндігі шектеулі мүгедек жан болса, олардың 46500-і 16 жасқа толмаған балалар. Ал республика бойынша зағип жандардың саны 20 мыңнан асады. Олардың 2 мыңы ғана еңбекке қабілетті. Ал дүние жүзінде – 124 миллион зағип бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есептеуі бойынша, 2020 жылға қарай зағип жандар саны екі есеге дейін артуы мүмкін.
Мысал. Зағиптың әдеттегі зарлы күні. «Мен зағиппын, көмектесіңіздер» жазуы бар қағаз қатырмасы жанында тұр. Иә, оның бұлай отыруына басқалар кінәлі емес. Иә, жеті түсті жер-әлемді көру оған жазбаған. Адамдардың қайырымдылығы мен титтей да болса жақсылығы оған күн көріс болып отыр. Сылдыр етіп түскен әр тиынға баладай қуанған оны ешкім де елемейді. Өткен күннен із жоқ, келер күнге сенім жоқ – осындай өмір көзі көрмейтін көптердің тағдырына жазылған жазу.
Бірде тық-тық басқан дауыс естіліп, мұның қасына жақындап келді. Қатырма қағазын алды да бірдеңе жаза бастады. Ол кеткен жаққа қарап отырған оның айналасы у-шуға айналды да кетті. «Не болдыласып», абдырап, кейін сылдырлап ағылған тиын даусына құлағы тұнды. Кейін де әлгі тық-тық еткен дауыс қайтып естілді де, маңына тоқтады.
- Маған көп адам ақша тастап жатыр. Сіз менің қағазыма не жазып кетіп едіңіз?
- Мен де сіз сияқты жаздым, тек сәл басқаша...
Басқан қадам даусы бірте-бірте жоғалды. Ал оның қағазында былай жазылған еді: «Мына күн қандай тамаша! Өкініштісі, мен оны көре алмаймын...»
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: vk.com, wikipedia.org
А. Құлтай