- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Бүгін - халықаралық...
Бүгін - халықаралық зергерлер күні
Дәл бүгін, яғни отыз бірінші қаңтар күні зергерлік өнерге қатысы бар алтын қолды шеберлеріміздің "бүгін менің күнім" деп айтуға қақысы бар. Өйткені бүгін - халықаралық зергерлер күні.
Зергерлік кәсіп - ең алғаш пайда болған кәсіптердің бірі. Өйткені адамзат баласы есте жоқ ерте замандардан бері сұлулыққа, өзін сәндеп-безендіруге құмар болған. Тарихи деректерге сүйенсек, ең алғашқы зергерлік бұйымдар б.з.д. 3-2 ғасырларда пайда болған. Нақтырақ айтсақ, зергерлік өнердің қанат жайған Отаны - Ежелгі Грекия және Египет саналады. Сол кездердегі алтын әшекейлер - байлық пен биліктің нышаны болды. Алғашында ағаштан, жануарлардың сүйектерінен жасалған сәндік бұйымдар бүгінде алуан түрлі бағалы тастардан жасалып жүр.
Жалпы, зергерлер қауымының мәртебесі ешқашан түскен емес. Және сұлулықтың құдіреті мен құрметі таусылмайынша төмендемейтіндігіне сенімдіміз.
Атаулы мерекенің қолданысқа енгеніне ұзақ уақыт болған жоқ. 2002 жылы қаңтар айының отыз бірінші жұлдызында Ресейде өткен WebPlus.info жобасы барысында күнді зергерлерге арнау туралы шешім қабылданып, әлем елдеріне тарай бастады.
Ендеше, табиғат дарытқан ерекше талантымен сұлулықсүйер қауымды тәнті етіп, қуаныш сыйлап жүрген барша зергерлер қауымын төл мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Суреттер:BNews.kz
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева