Мереке деген бір ғана ұғым болғанымен, оның да біз аса мән бермейтін алуан түрі бар. Назарымыздан тыс қалып жататын осындай ерекше мерекелердің бірі – бүгінгі халықарлық үнемдеу күні.
1924 жылы қазан айының 27-жұлдызында 29-ға жуық алпауыт мемлекеттің жинақтаушы банк уәкілдері Милан қаласында өздерінің тұңғыш халықаралық конгресін өткізген болатын. Үш күнге созылған жиынның ең соңғы күнінде олар 31 қазанды «Халықаралық жинақтау күні» деп белгілейді. Мереке – банк өкілдерінің тұңғыш рет өткізген конгрестерінің ескерткіші болып табылады. Кейіннен атақты профессор Равизза бұл күнді Дүниежүзілік үнемдеу күні деп жариялады.
Бұл күнді алғаш бастама жасаған ортаға қарап, ақша үнемдеу мерекесі екен деп қараудың қажеті жоқ, бұл – уақытты, күшті, мүлікті үнемдеу күні. Өйткені, уақытсыз, күшсіз ақша да жоқ емес пе?
1989 жылы БҰҰ халықаралық үнемдеу күнін ресми түрде қабылдады. Мерекені осы күннен бастап БҰҰ-на мүше елдердің барлығы атап өтіп келеді. Ал Германия, Аустрия секілді елдерде үнемдеу күні 31 қазанның алдындағы сенбі күні атап өтіледі. Үнемдеу күнінің нышаны – жинақ сандықшасы. Бұл күні көптеген елдердің банк қызмткерлері өз клиенттеріне жинақ сандықшасын сыйлыққа таратады.
Үнемшілдік қасиет кез келген жағдайда қажет болғандықтан, бұл күнді атап өтуді әдетке айналдырғанның артықтығы жоқ.
Ал сіздің бойыңызда үнемшілдік қасиет бар ма? Ақшаңызды қалай үнемдейсіз?
Суреттер:famearth.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева