Бүгін - халықаралық науқастар күні

Он бірінші қаңтар - халықаралық күнтізбеде науқастар күні болып белгіленген (World Day of the Sick). Аталған іс-шара о бастан-ақ өте қайғылы әрі ыңғайсыз жағдайға тап болған науқастарға қолдау көрсету мақсатында ойлап табылған болатын.

Халықаралық науқастар күнін атап өту туралы қаулы 1992 жылы мамыр айының он үшінші жұлдызында қабылданды. Оның негізгі бастаушысы - Рим Папасы Иоанн Павел ІІ. Ол осы жылы халыққа жолдаған жолдауында бұдан былай жыл сайын мерекеленетін бүкіләлемдік науқастар күнінің өзіндік айқын мақсаттары бар деп атап өтті. Мақсат - көптеген медицина қызметкерлеріне өздерінің қарауындағы ауыр сырқаттар мен мүмкіндігі шектеулі науқастарға дұрыс әрі жауапкершілікпен қарауды бір күн болса да естеріне салу.


1991 жылы Иоанн Павелдың өзі ауыр дертке шалдыққан екен. Оның күнді жариялауына негізгі себеп болған - осы жағдай. Науқастың жанын науқас қана түсінер деген осы болар... Иоанн Павел 2005 жылы қайтыс болады.

Ал бүкіләлемдік науқастар күні алғаш рет 1993 жылдың он бірінші ақпанында атап өтілді.

Расымен де, ауырғанда шипа іздеп, аурухана есігін қағатын науқастарға қашан да жақсы күтім мен мейірім керек. Десе де, ауырмағанға не жетсін? Дендеріңіз сау болсын, ағайын!

Суреттер:baq.kz

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева