Брэдли Гареттің суреттеріндегі жасырын әрі қараусыз қалған локациялар

Американдық фотограф Брэдли Гарретт үлкен қалалардағы рұқсат етілмеген және құпия аймақтардың суреттерінен құралған «Explore Everything: Place-Hacking the City» атты  жаңа кітабын жарыққа шығарды. Құпия аймақтар дегеніміз – коллекторлар, бункерлер, жер асты жолдары, көп қабатты үйлердің шатырлары.

Гарреттің бұл жұмысы – үлкен еңбектің нәтижесі. Себебі, ол әрбір суретті ел білмейтін жерлерді аралап, жұрт байқай бермейтін мекендерді зерттеп жүріп түсірген. Өзінің туындыларын «place-hacking» (қолданыстан шыққан орындар) деп атауының да негізі осында жатыр.

Гаррет 300-ден астам локацияларын Лондон, Париж, Берлин, Детройт, Лос-Анджелес, Чикаго, Лас-Вегас секілді қалаларда түсірген.

 

Лондондағы Баттерси электр станциясы

Лондондағы жер асты өткелі

Лондондағы The Shard кеңсе орталығы

Детройттағы қолданыстан шығып қалған шіркеу

Камбоджа, Пномпендегі олимпиадалық стадион

Германия, Zeche Hugo жабық көмір шахтасы. Шахтерлердің таза киімін сақтауға арналған киім ілгіш

Лондондағы Тайберн жер асты каналы

Шотландия, Глазгодағы салынып жатқан арена

Франция, Булонь-Бийанкур коммунасындағы Tour Horizons ғимараты

Англия, Дарем қаласындағы қолданыстан шығып қалған Durham Baths бассейні

Иллинойс штаты, Чикагодағы Ritz-Carlton қонақ үйі 

Дайындаған: Шерхан Талапұлы

Сурет: furfurmag.ru