Бразилия карнавалы жанжалмен аяқталды

Жақында ғана Бразилияда дәстүрлі карнавал басталғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Төрт күнге созылатын бұл шараға түрлі самба-мектептердің 12-сі іріктеліп алынып, өзара жарысқа түседі. Бұл жолы Сан-Паулу қаласында өткен карнавалда, үздік мектептерді жариялауға бірнеше минут қалғанда белгісіз зиянкес күзетшілер сапын бұзып, әділқазылардың дауыстары есептелген қағазды барлық жиналғандардың көзінше жыртып тастаған. Полицияға мәлім болғандай, белгісіз зиянкес Каса Верде самба мектебінің мүшесі екен. Бұл мектеп тіпті үміткерлер қатарына да ілінбеген.

Бұл азаматтың қылығы жиналған жұрттың әділқазылар отырған орынды ойраңдатуына әкеп соқты. Үстелдің үстінде тұрған барлық жүлделер таран-таражға салынып, ал бишілер болса бір-бірімен жанжалдасуға кірісті. Жиылған жұрт арасында тәртіпсіздік орнады.

Полиция күш салғанмен, тәртіпсіздікке тосқауыл қоя алмады. Әдемі шоуға қатысушылар карнавал безендірулерін өртеп, көрермендер мен бишілерді аластатып тұрған темір бөгеттерді сындыра бастады.

Жыл сайын өтетін осы бір дәстүрлі карнавалда әр би мектебі өнерлерін көрсетіп, басқалардан ерекшеленуге тырысады. Карнавалды тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен туристер келеді және миллиондаған адамдар теледидардан қарайды.

Мұндай әдемі мерекенің осындай тентектікпен аяқталғаны өкінішті. Зиянкестің қағаздарды жыртқан сәті:

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/9TX4GdPlZIQ?version=3&hl=ru_RU&rel=0","width":"450","height":"335"});

Ал басында бәрі жақсы басталған еді...

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Z0R8pr-zuSE?version=3&hl=ru_RU&rel=0","width":"450","height":"335"});

Сурет: riodejaneirotravelsource.com

Форумда талқылау