Адам өзін әлі күнге шейін табиғаттың ең керемет жаратылысымын деп есептейді. Бойына дарыған ақылы мен физикалық мүмкіндіктері оны шыныменде дүниедегі ең ерекше жаратылыс ететініне күмән жоқ. Алайда адамның біліп-білмей істеп жатқан әрекеттері Жер анаға сан алуан зиянын тигізуде. Қалай ойлайсыздар адамсыз Жердің күйі қандай болмақ? Егер адам бір сәтте жоқ болып кетсе, Жерге не болады? Бұл сұрақтың жауабын National Geographic телеарнасы түсірген ғылыми зерттеулерден тұратын деректі фильмнен ала аласыздар.